ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Әбіш оқулары» облыстық байқауының қорытындысы
28-01-2021 09:04
«Әбіш оқулары» облыстық байқауының қорытындысы

2021 жылғы 20 - 26 қаңтар аралығында «Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының «Әбіш оқулары» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне облыстың мамандандырылған және жалпы білім беру мектептерінің 8 - 11 сыныптың 85 оқушысы, оның ішінде Павлодар  қаласының  Бекхожин атындағы, № 2, 11 (5), 25 мектептерінен 7 оқушы қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын насихаттау, шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту, отансүйгіштікке, ұлттық сана-сезімге және ана тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.

Байқау төрт бағыт бойынша өтті: «Мәнерлеп оқу» - Ә.Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу, «Иллюстрациялық сурет» - Ә. Кекілбаевтың шығармашылығына иллюстрациялар,  «Шығармашылық жұмыс» - зерттеу жобалары және сахналық қойылым, «Сахналық қойылым» - сахналық қойылым. Байқау қорытындысы бойынша облыстың 27 оқушысы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде Павлодар қаласының 2 оқушысы.

«Шығармашылық жұмыс» бағытында 4 жеңімпаз қатарынан I орынды Павлодар қаласының  № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Мағамет Жібекжан иеленді. Ә. Кекілбаевтың «Әбіш Кекілбаев повестеріндегі «Қаһармандардың рухани әлемі» атты шығармасында Ә. Кекілбаевтың туған жері туралы «Күй», «Бір шоқ жидедің» повестері бойынша жазды. Ол қалалық Мағжан оқуларының (2019, 2020 жылдар), Мәшһүр-Жүсіп Көпеев оқуларының (2020 жыл) жүлдегері.

Павлодар қаласы Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы Бейсембай Камила «Мәнерлеп оқу» бағытында ІІІ орынды иеленді. Ол Ә.Кекілбаевтың «Теңіз жағасында» прозасынан үзіндіні жатқа оқыды. Облыстық турдың жеңімпаздары республикалық байқауға қатысады.