ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі ұйымдардың 14 педагогі «Мектепке дейінгі ұйымның педагогі - 2021» қалалық байқауының 2-турында педагогикалық шеберліктерін ұсынады
28-01-2021 10:14
Мектепке дейінгі ұйымдардың 14 педагогі «Мектепке дейінгі ұйымның педагогі - 2021» қалалық байқауының 2-турында педагогикалық шеберліктерін ұсынады

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 15 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында «Мектепке дейінгі ұйымның педагогі - 2021» қалалық байқауының I кезеңін «Педагогикалық ұстанымды қорғау» форматында өткізді. Байқаудың мақсаты - педагогтің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау, көтермелеу және педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру.

№ 2, 3, 5, 6, 8, 9, 11, 14, 18, 19, 20, 32, 37, 42, 43, 44, 45, 48, 53, 57, 82, 84, 85,104,112,120,122, 126 балабақшалардан қалалық байқауға қатысу үшін 29 педагог өтініш білдірді, оның ішінде 23 тәрбиеші, 2 - музыкалық жетекші, 1 - дене шынықтыру нұсқаушысы, 1 - қазақ тілі мұғалімі, 1 - логопед, 1 - эстетика оқытушысы, 1 - режиссер.

 I кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған педагогтар «Педагогикалық шеберлік» атты II кезеңге жіберілді. ІІ кезеңнің қатысушысы 14 педагог: А .С. Нұрахметова (№ 6 балабақша), Е. А. Аужанова (№ 3), И. В. Пятых (№ 126), А.С. Шайтиева (№ 8), Г. А. Макульбекова (№ 42), К. Р. Ракымжанова (№ 48), М. Ж. Муханова (№ 5), В. С. Ганьшина (№ 53), К. К. Мусина (№ 112), Ю. Н. Прокопцова (№ 84), Д. К. Усманова (№ 122), А. М. Мергалимова (№ 9), М. Е. Әділбаева (№ 120), Г. Есенгельдина (№ 43).

Бұл кезеңде педагогтер қашықтықтан оқытуды ескере отырып, бейне-сабақ, шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес кезекші топтың балаларымен бейне - іс-шара ұсынуы қажет. II кезеңде ең көп балл жинаған педагогтар «Жүрегімді балаларға беремін» атты қорытынды III кезеңге қатысады. Қатысушылар өздерінің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін таныстыруы керек.

Байқау қорытындысы бойынша төрт жеңімпаз анықталады: гран-при, I, II, III орындар және төрт номинация «Шабыт», «Іздемпаз педагог», «Креативті педагог», «Шығармашыл педагог».