ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кәмелет жасқа толмаған балалар арасында алдын алу жұмыстары бойынша қалалық семинар
28-01-2021 14:36
Кәмелет жасқа толмаған балалар арасында алдын алу жұмыстары бойынша қалалық семинар

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 2021 жылдың 27 қаңтарында «Оқушылар арасында суицидтің алдын алу» атты семинары өткізілді. Мақсаты - мектептегі алдын алу жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Семинарда оқушылар арасында суицидтің алдын алу бойынша жұмыс тәжірибесімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, № 14 ЖОМ педагогы Г. К. Киргеева сөз сөйледі. Бұл мектептің сынып жетекшілері Мұнсызова Нұрсұлу Қайроллақызы, Иваненко Людмила Викторовна балалар ұжымын біріктіру және өмірге деген оң көзқарасты тәрбиелеу жөніндегі жұмыстар туралы айтып берді. Мектептің педагог-психологы Гессе Светлана Васльевна жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және суицидтің алдын алу бойынша педагогтарға ұсыныстар берді. Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әйгерім Дүйсенбайқызы Мәжитова интернаттық мекемеде қалған балалардың ерекшеліктері және ауыл тәрбиеленушілерінің сәтті әлеуметтену жағдайлары туралы айтып берді.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі Тәжікова Жанар Ануарбекқызы қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында өткізілген «Сынып жетекші балалардың көзқарасымен» сауалнамасының нәтижелері туралы талдау жасады.