ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Онлайн сабақтарды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері
29-01-2021 10:55
Онлайн сабақтарды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері

     Павлодар қаласы білім бөлімінің «Жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуы» қалалық жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалымен бірігіп «Онлайн сабақтарды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» атты вебинар өткізілді. Мақсаты - қашықтықтан оқыту жағдайында чаттың көмегімен онлайн сабақтар өткізу кезеңінде  оқушыларды белсенді түрде өзара әрекет ете білуге жұмылдыра білуде жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету. Вебинарға орыс және мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы білім беретін мектептерге биылғы жылы келген  жүзден аса жас маман қатысты. Семинарда білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері, «ПроЛС» клубы  басшысы Шолпан Саменовна Нурахметова, Павлодар қаласының педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджерлері Юлия Геннадьевна Мельникова, Айман Рахымжановна Ибраевалар сөз сөйледі.

     Жас мамандар зерттеу жұмысы мен оқушыларды оқу үдерісіне чат, күту фиксациясы арқылы қалай жұмылдыру жөніндегі жауаптар табуға қатысып, модерация әдісімен танысты. Чатты оқытудағы интерактивті ортаны құру үшін қалай қолдану қажет? Қатысушылар өз ұсыныстары мен жауаптарын стикерлермен бекітіп, спикердің чатта белсенділікті құру мен қолдауындағы рөлін анықтады. Жаттықтырушылар санаттарға сәйкес чаттағы белсенділікті құрудағы өз әзірлемелерімен бөлісті: проблематизация (ашық сұрақтар, қарама қайшылықтар, қателерді тап), чат модерациялары (бір мұғалімнің орнына екеу), назар аударту (эмодзи, тэги, арнайы шифр, пасхалкалар).

     Рефлексиялық бөлім сұрақ пен диалог түрінде өтті: немен кетеміз, практикаға өзімізбен бірге не алуға дайынбыз? Онлайн вебинардың оқу материалын меңгеру қорытындысы бойынша  қатысушылар  оқушылардың білім беру ортасының релевантты контексіне сәйкес онлайн сабақ кезіндегі бедсенді өзара әрекеттерін қолдау тәсілдерін таңдай алды. Жас мамандар бүгінде білімді интеграциялаусыз практикалық қызметті ұйымдастыру мүмкін емес екендігіне көз жеткізіп, өздерінің әдістемелік білім сандықшаларын толықтырды. Онлайн семинар материалдары электронды-әдістемелік дайджестке орналастырылып, практикада қолдану үшін қала мектептеріне жіберілді.