ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Математика бойынша 177 павлодарлық бастауыш сынып оқушылары білімдерін тексерді
29-01-2021 14:44
Математика бойынша 177 павлодарлық  бастауыш сынып оқушылары  білімдерін тексерді

Оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау мақсатында 2021 жылғы 28 қаңтарда бастауыш сынып оқушыларының «Бастау» қалалық математикалық турнирі  өткізілді. Павлодар қаласының  41 жалпы білім беру    мектептерінің   2 - 4 сыныптың  177 оқушысы  қатысты. Қатысушылар  Gool    платформада математикалық білім және логикалық ойлауға  тест тапсырмаларын орындады.  Тур қорытындысы бойынша 84 үздік математик жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 7 оқушы , ІІ орын - 18 оқушы , ІІІ орын - 59 оқушы.

2 сынып оқушылары арасында І орынға № 6 мектеп оқушысы Туртугулов Арслан, Жұман Арон (№ 25 ЖОМ) иеленді. ІІ орынға   № 5, 14, 32, 33, 35, 41, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары, ІІІ орынға № 1, 17, 18 (2), 19, 21, 26, 27, 28 (2), 29, 30, 31 (2), 32, 33, 34, 39, 40, 43, К. Мақпалеев атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ ие болды.

3 сынып оқушылары арасында І орынды № 39 мектеп оқушысы Власов Роман, № 37 мектеп оқушысы Балтабай Айша иеленді. ІІ орынды № 1, 13, 14, 21, 26, 34, 40 ЖОМ оқушылары, ІІІ орынды - № 2, 9 (2), 11, 16, 24, 25, 29, 32, 33, 35, 36, 38, Макпалеев атындағы,Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді.

4 сынып оқушылары арасында І орынды № 23 мектеп оқушысы Кабанов Кирилл, № 1 мектеп оқушысы Жәнібекұлы Бердібек, № 2 мектеп оқушысы Белгібаев Расул иеленді. ІІ орынды № 5, 9, 35 ЖОМ, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары, ІІІ орынды № 6, 7, 13, 17, 21, 24, 25, 26, 32, 37, 39, 40, 41, 43, К. Бекхожин атындағы, К. Мақпалеев атындағы, Кенжекөл ЖОМ оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды. Қалалық турнирдің 7 жеңімпазы ақпан айында облыстық турнирге қатысады.