ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлттық спорт түрі қазақша күресті жетілдіру және насихаттау
01-02-2021 09:37
Ұлттық спорт түрі қазақша күресті жетілдіру және насихаттау

2021 жылғы 27 қаңтарда  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында «Жігер Барысы»  жобасының аясында  «Ұлттық спорт түрі қазақша күресті жетілдіру және насихаттау» атты онлайн-семинары өтті. Мақсаты - қазақша күрес ұлттық спорт түрлерін дамыту және насихаттау, және оның елдегі дамуы, салауатты өмір салтын насихаттау; халықты  спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жаңа бастаған палуандарға спорттық шеберлікті арттыру. Семинарға 40-тан астам адам қатысты, бұл Павлодар қаласындағы мектептердің дене тәрбиесі мұғалімдері,  «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының жаттықтырушылары.  

Семинарда «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының  жұмыс тәжірибесі бар педагогтары сөз сөйледі. «Жігер» клубының басшысының орынбасары Жолдасбекова А. Е.,  Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі «Жігер барысы» жобасымен, оның мақсаттары мен міндеттерімен, жобаны іске асыру кезеңдерімен таныстырды. «Жігер» клубының әдіскері Конратбаев. О. Ф. «Қазақша күрестің шығу тарихы» атты баядамасын оқыды. Осы баяндамасында әдіскер, қазақша күрес, оның тарихи маңыздылығын, қазақтардың дене тәрбиесіндегі негізгі құралы ретінде қалыптасуын  ашып айтты.  Қазақша күрес бойынша жаттықтырушысы, спорт мастерінің кандидаты Маралбаев А. К. «Қазақ күресі - оқу пәні ретінде» атты баяндамасымен сөз сөйледі.  Асқар Құдайбергенұлы қазақша күрес тәсілдері мен техникасын ашып,  сондай-ақ іс жүзінде өздерінің тәрбиеленушілерімен бірқатар қазақша күрес амалдарын көрсетті. 1 категориялы жаттықтырушысы, «Сауран» клубының қазақша күресі жаттықтырушысы Токкожин А. О. «Қазақ күресі» білім беру жүйесінде». атты  баяндамасын баяндады.  Оның баяндамасы қазақ күресі негіздерін,  оқып үйренуге бағдарланды, сонымен қатар жас ұрпақтың патриоттық, дене және рухани-адамгершілік тәрбиесіне жағдай жасау. 

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар қала мектептерінде қазақша күресті үйірме  ретінде енгізудегі өз ұсыныстары мен ұсынымдарын  білдірді.