ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәлімгерліктің жас мамандармен жұмыс жасаудағы рөлі
01-02-2021 09:44
Тәлімгерліктің жас мамандармен жұмыс жасаудағы рөлі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Тәлімгерлік кадрлық әлеуетті дамытудың тиімді құралы. Жас мамандармен тәлімгердің тиімді жұмыс түрлерін таңдау» тақырыбында инновациялық типтегі № 34 мектеп пен Назарбаев Зияткерлік мектебі педагогтарының қатысуымен тәлімгерлер мектебінің отырысы  онлайн форматта өтті. Мақсаты - № 34 мектеп және Назарбаев Зияткерлік мектебі директорларының орынбасарлары мен үздік тәлімгерлерінің жас мамандарға жетекшілік етуде және тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу. Биылғы жылы келген жас педагогтер мен жас мамандар тәлімгерлерінің мектебіне жетекшілік ететін 100-ден астам директор орынбасарлары қатысты.

Тәлімгерлер мектебінің отырысында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменовна Нурахметова «Тәлімгерлік кадрлық әлеуетті дамытудың тиімді құралы ретінде» тақырыбында сөз сөйледі. Өз сөзінде 0 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас педагогтардың 367 тәлімгерінің назарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығына басшылыққа ала отырып «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы», тәлімгерлердің қызметін регламенттейтін құжаттар тізбесін қатысушылардың назарына жеткізді. Тәлімгерліктің мақсаттары мен міндеттері: тәлімгердің өзін қоса алғанда, барлығының кәсіби деңгейі мен дағдыларын арттыру, жас мұғалімдердің кәсіби уәждемесін күшейту және тәжірибелі педагогтердің кәсіби мәртебесін арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер беру есебінен кадрлардың тұрақтамауын төмендету, бүкіл ұжымның кәсіби ынтымақтастығын нығайту, тәлімгерлерді бекіту және олардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі талаптар, кері байланыстың болмауын, жас педагогтердің тағдырына қызығушылық танытпауды және міндеттерін формальды орындауды болдырмау керектігіне тоқталды.

Қатысушыларға № 34 инновациялық үлгідегі мектеп пен химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас мамандарымен тәлімгерлердің оң жұмыс тәжірибесі ұсынылды. № 34 мектептің тәжірибелі және жетекші мұғалімдері, облыстық және қалалық кәсіби байқаулардың жеңімпаздары жас педагогтармен тәлімгерлердің интерактивті жұмыс түрлерін іс жүзінде қолданатынын көрсетті. № 34 мектеп директорының орынбасары Дремова Наталья Германовна, «Тәлімгерлік жас мұғалімдерді кәсіби бейімдеудің ең тиімді түрі ретінде» тақырыбында сөз сөйледі. Педагогикалық ұжымның жұмыс тәжірибесін ұсынды. Бастауыш сынып мұғалімі, тәлімгер Лариса Ивановна Склокина жас педагогтармен жұмыста интерактивті формаларды қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Мемедлаева Гульчере Серверовна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, жас мұғалімнің сабақты жоспарлау мен дайындаудағы әдістемелік қолдауы, кері байланысты ұйымдастыру және бақылау өлшеуіштерін жасау туралы айтып берді. Бастауыш сынып мұғалімі Ольга Владимировна Подгайная мектептегі тәрбие және оқыту мәселелері бойынша жас мамандарға әдістемелік ұсынымдар мен жадынамалар топтамасын ұсынды. Тарих пәнінің мұғалімі, тәлімгер Савченко Наталья Борисовна, «Тәлімгерлік тәжірибесіндегі коучингтік тәсіл» баяндамасын дайындады. Ағылшын тілі мұғалімі Наскенова Зинаида Бакубаевна жас мұғалімнің кәсіби дамуын ынталандыру мәселелеріне тоқталды. Мектеп психологы Вольц Виктория Викторовна тәлімгердің жаңа бастаған мұғаліммен өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша психологтың практикалық кеңестерін берді. Мектеп директорының орынбасары, информатика мұғалімі, «Үздік педагог - 2019» республикалық байқауының жеңімпазы Поляков Илья Олегович кез келген аудиторияның назарын аудару бойынша практикалық кеңестерін ұсынды.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас мамандармен жұмыс істеу тәжірибесін директордың орынбасары Бабич Ирина Михайловна ұсынды. Ол мұғалімнің кәсіби дамуын қолдау жүйесімен таныстырды, жас мұғалімнің бағыт парағын құру, жас және жаңадан келген мамандарды кәсіби қолдаудың «Бастау» қауымдастығын құру, ментор-менти жұптарын қалыптастыру және анықтау, мектептегі бағалау шеңберінде сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру бойынша презентация ұсынды. Кәсіби даму органайзері қатысушылардың қызығушылығын тудырды, онда мектептегі бағалау: мақсатқа жету бойынша мұғалімнің алға жылжуы туралы талдау және қорытындылар, сабақты бақылау бойынша пікірлерді талқылау, әдістемелік бірлестік басшысы мен тәлімгерлердің бағалау парағын толтыруы көрініс тапты.

Жас мұғалімдер мектебі 11 жылдан бері Шолпан Сәменқызы Нұрахметованың басшылығымен жұмыс істейді. Тәлімгерлер мектебінің әр кездесуінің соңында қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар, нормативтік-құқықтық база туралы құжаттар, жас мамандардың қиындықтарын диагностикалауға арналған сауалнамалардың үлгілері, тәлімгер мен жас оқытушы арасындағы ынтымақтастық жоспарлары берілгенін атап өтті. Қазіргі кезеңдегі іс-шараларға және келесі іс-әрекеттердің негіздеріне құрылған № 34 мектептің тәжірибесі қалалық деңгейде жалпылау үшін қалалық сарапшылар кеңесіне ұсынылады. Онлайн-кездесулер материалдары электронды әдістемелік электронды дайджестте орналастырылып, іс жүзінде қолдану үшін қала мектептеріне жіберіледі.