ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқауының жеңімпазы
01-02-2021 10:03
Республикалық байқауының жеңімпазы
     Павлодар қаласының № 21 ЖОМ 4 сынып оқушысы Жұмажан Арнұр «ҚР үздік дарынды оқушысы» республикалық байқауының жеңімпазы атанып, «ҚР үздік 100 дарынды оқушысы» дипломымен және кітабымен марапатталды. Байқауды «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өткізді. Байқау шарты бойынша қатысушылар туған қаласының, өлкесінің тарихы туралы эссе, шығарма жазу керек болды.
 
     Арнұр Павлодар облысы Ақсу ауданы Сарышығанақ ауылында бөлім құру кезеңі туралы «Менің туған жерімнің тарихы» атты эссе жазды. Жаңа шаруа ауылы 1907 жылы құрылған. Алдымен бұл Житковка ауылы, содан кейін Новая жизнь, 11-ауыл деп аталды. 1932 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жаңашаруа ауылы Калинин атындағы кеңшардың бөлімшесі болып келеді.
 
     Арнұр - сыныптағы ең үздік оқушылардың бірі. «Тапқырлар» логикалық-математикалық байқауының, «Менің хоббиім» онлайн байқауының жүлдегері. Өз қабілеттерін дамыту бойынша жұмыс істейді. Мектептегі домбыра үйірмелеріне, «Талантино» продюсерлік орталығында вокал үйірмесіне қатысады, ментальді арифметикамен айналысады. Бос уақытында ол рубик текшелерін жинауды ұнатады.