ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ИнЕУ-мен ынтымақтастықтың шегі
02-02-2021 09:19
ИнЕУ-мен ынтымақтастықтың шегі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 29 қаңтарында Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп ZOOM режимінде «Педагог-шебер: жаңа аттестациялық формат» атты онлайн-семинар өткізді.

Семинар жұмысына филология ғылымдарының докторы, профессор, орыс тілі бойынша отандық оқулықтарды әзірлеуші Амангелді Рақышұлы Бейсембаев қатысты.Семинарға мектеп директорларының оқу және ғылыми-әдістемелік жұмысы     жөніндегі орынбасарлары, шебер-педагог біліктілігіне санатын көтергісі келетін зерттеуші-мұғалімдер қатарынан қаланың білім беру мекемелерінің 102 қызметкері қатысты.

Бейсембаев А. Р. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген авторлық бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу бөлігінде педагог-шеберлердің кәсіби құзыреттеріне қойылатын нормативтік құжаттарының міндетті талаптарын атап өтті. Семинар барысында  Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық академиясының республикалық ғылыми-әдістемелік кеңесінде қорғау үшін озық педагогикалық тәжірибені жүйелеу, авторлық бағдарламалар мен оқу құралдарына қойылатын талаптар айтылды, оқу құралдарын, бағдарламаларды әзірлеу бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Семинар қатысушыларына профессор А.Р. Бейсембаевтың «Педагог-шебер: жаңа аттестациялық формат» кітабы таныстырылды.

Семинар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Білім бөлімі ИнЕУ басшылығына, А. Р. Бейсембаевқа семинар өткізгені үшін алғыс білдірді және  әрі  қарай қызмет жасауға  үміт білдіреді.