ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық шығармашылық фестивалінің жеңімпазы
02-02-2021 09:23
Халықаралық шығармашылық фестивалінің жеңімпазы

Павлодар қаласында «Dionis»  эстрадалық-вокалдық студиясының  ұйымдастырған  «Новогодний переполох» атты балалар,  жасөспірімдер және үлкендер шығармашылығының VI халықаралық конкурс-фестиваліне  350-ден астам жасына шектеу жоқ шығармашылық ұжымдар мен солистер қатысты, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі болды.

 

Сайыс бірнеше номинация бойынша өтті: вокал, хореография, сән театры, көркем сөз және театр қойылымдары, аспаптық жанр, бейнелеу өнері, қолданбалы өнер.

 

«Жігер»  балалар-жасөспірімдер клубының  бөлімшесі  «Айналайын» клубының тәрбиеленушісі   3 сынып оқушысы  № 37 ЖОМ Сейфулла Бекзат «Аспаптық жанр» номинациясында І орынға ие болды және дипломмен, медальмен және тәтті сыйлықпен марапатталды. Бекзат байқауда Қазанғап Тілепбергенұлының «Шынаяқ» күйін орындады.

 

Бекзаттың халықаралық байқауға бұл екінші рет қатысуы. Бірінші ретінде  «Star Way» халықаралық байқау-фестиваліне Жасарал Енсеповтің  «Балбұлақ» күйін орындап І орынға ие болды. Ол «Айналайын»  клубындағы үйірмелерге 2018 жылдан бастап қатысып келеді.

 

- Халықаралық деңгейдегі байқаулардағы бұл Бекзаттың  кезекті жеңісі, домбыра үйірмесіне үлкен ынтасымен қатысады және менің ойымша, оның әлеуеті зор және әлі талай жеңістер алдымызда, - дейді үйірме жетекшісі, қосымша білім беру педагогы Қайырбеков Бауыржан Болсынгазыевич.