ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тілдің жалпы дамымауы бар балалармен түзетушілік жұмысы
04-02-2021 09:44
Тілдің жалпы дамымауы бар балалармен түзетушілік жұмысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен «Инклюзивті білім беру жағдайында сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар (оның ішінде жалпы сөйлеу қабілеті бұзылған) балаларды оқытуды ұйымдастыру» онлайн семинары өткізілді. Семинардың мақсаты  жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған балалармен түзету жұмыстарында тиімді әдістерді қолдану, инклюзивті білім беру жағдайында баламен жұмыс барысында тиімді мақсатқа жету бағыттарын талқылау болып табылды. Қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі білім беру логопедтері қатысты.

Семинарда № 93 сәбилер бақшасының логопеді Жұмажанова Бибігүл Аманжолқызы сөйлеу сапасын логопедиялық анықтау ретінде сөйлеудің жалпы дамымағандығына назар аударып, сөйлеу бұзылыстарының жіктелуімен таныстырды. Логопед тіл дамуының төрт деңгейіне егжей-тегжейлі тоқталып, белгілері туралы түсінік берді. № 14 арнайы балабақшаның және № 122 мектепке дейінгі гимназияның логопедтері  Аманжолова Жанерке мен Касенова Индира жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған балаларда графомоторлық дағдыларды қалыптастыру, мектеп үлгерімінде жазудағы қиындықтардың алдын алу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. № 28 сәбилер бақшасының логопеді Айнұр Ахметбекова фонетикалық және фонетико-фонематикалық сөйлеу қабілеті бұзылған, жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған балалармен түзету жұмыстарының тиімді әдістері арқылы сөйлеуді дамыту туралы ұсыныстар берді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға жұмыста пайдалану үшін әдістемелік ұсынымдар берілді.