ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар оқушыларының шығармашылық қызметіндегі музей құндылықтарының рөлі
05-02-2021 09:37
Павлодар оқушыларының шығармашылық қызметіндегі  музей құндылықтарының рөлі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 2021 жылғы 5 - 27 қаңтар аралығында «Өткен шақ - осы шақ - болашақ» қашықтан қалалық шығармашылық байқауы өткізілді. Мақсаты - мектеп музей қызметін, музейдің білім беру жұмысы туралы мултимедиялық жобаларды танымал ету, білім беру ұйымдары үшін білім беру және тәрбиелеу кеңістігін құру. Байқауға 75 № 43, 6, 32, 33, 7, № 16 жалпы білім беретін мектептердің және  орталықтың балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері  қатысты.

Байқауға қатысушылар музей экспозицияларына, экспонаттарға, экспозицияны жинау және безендіру бойынша оқушылардың іздеу-зерттеу жұмыстарына арналған «Музей ашықхаты» тақырыбына шығармашылық жұмыстар ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 16 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Мидони Екатерина, II орынды № 43 ЖОМ 11 сынып оқушысы Галюра Яна, № 33 ЖОМ 5 сынып оқушысы Нығманова Айсана, № 7 ЖОМ 5 сынып оқушысы Бопышева Диляра, III орынды № 32 ЖОМ 9 сынып оқушысы Казак Анатолий, орталықтың «Табиғат және біз» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі Хамитова Ханшайым иеленді. Мидони өзінің «Бір экспонаттың тарихы» атты зерттеу жұмысын ұсынды, ол мектеп музейнде қол жетімді құжаттар бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері Щелоков Григорий Ивановичтің жауынгерлік жолын құра алды. Орталықтың тәрбиеленушісі Ханшайым Қазақстанның табиғи мұрасы болып табылатын орталықтың мұражай бұрышының экспозициясын ұсынды.

- «Халықтың ұлттық мәдениетін, оның тарихи өткенін, бүгінін, болашағын зерттеу арқылы музейлік зерттеу қызметі оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық қызығушылықтарын тәрбиелеуге ықпал етеді», - дейді орталықтың өлкетану бөлімінің меңгерушісі, педагог Ирина Александровна Ефимова.