ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Тәуелсіздік бәрінен жоғары» Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел
05-02-2021 20:37
«Тәуелсіздік бәрінен жоғары» Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2021 жылғы 5 ақпанда тарих мұғалімдері мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты-қатысушыларға талқыланып отырған мәселеге өз көзқарасын білдіруге, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жұмысты жоспарлау үшін ұсыныстар тұжырымдауға мүмкіндік беру. Дөңгелек үстел жұмысына 90-нан астам қатысушы қатысты (тарих мұғалімдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ЖОО оқытушылары).

Семинардың спикерлері: Қыдыралин Қуаныш Төлегенұлы, Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары, Батталов Қайрат Қанатұлы, т.ғ.к., Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Смаилов Рамиль Русланұлы, Павлодар облысы ҚХА жастар қанатының төрағасы, № 24 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі, Шиндлярская Гульсина Шайдулловна, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, Рысбек Естай Рысбекұлы, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Дөңгелек үстелді онлайн форматта өткізу барысында спикерлер тарих ғылымындағы негізгі мәселелерді, оларды шешу жолдарын айтты. Дөңгелек үстел спикерлері Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясымен жұмысты біріктіру, жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін қазіргі заманғы Қазақстан тарихы бойынша элективті курсты әзірлеу, оны одан әрі оқу бағдарламасына енгізу, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті жанындағы Жас сарапшылар клубымен бірлескен іс-шаралар өткізу, радио және телебағдарламалар циклін құру, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде тарихи тақырыптарды Инстаграм және ютуб арнасы арқылы жариялау бойынша ұсыныстар айттылды.