ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үздіктердің үздігі
09-02-2021 09:55
Үздіктердің үздігі

Қалалық «Жыл мұғалімі - 2021» байқауының 2 кезеңінің қорытындысы бойынша ақтық кезеңге қаланың жалпы білім беретін мектептерінен 15 педагог қатысты. «Бейнесабақ» финалдық кезеңінің басты талабы кәсіби шеберліктің көрінісі, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бейімделген тәжірибелерді, заманауи қашықтықтан білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану болды. Қорытынды турдың қорытындысы бойынша барлық 15 мұғалім конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, номинанттары мен лауреаттары атанды.

Қазылар алқасының құрамында « Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Р. Д. Ашимбетова, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жаратылыстану жоғары мектебінің деканы, мәдениеттану кандидаты, қауымдастырылған профессор В. Н. Алиясова, «Жыл мұғалімі» облыстық конкурсының жеңімпаздары, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары, әдіскерлері қатарынан қала мектептерінің жетекші мұғалімдері қала педагогтерінің педагогикалық шеберлігін бағалады.

Бас жүлдені № 16 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Әсет Бақытжанұлы Серікбаев иеленді. I орынды № 34 ЖОМ информатика пәні мұғалімі Анна Александровна Матюшева, II орынды Кенжекөл ЖОМ физика пәні мұғалімі Әлібек Жұмажанұлы Қалиасқаров, III орынды Б.Момышұлы атындағы ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бағдат Әкрамқызы Сибанбаева иеленді.

Байқау номинацияларында 3 жеңімпаз анықталды. «Үміт» номинациясында - Макпал Маралбекқызы Шампатова, № 2 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі, «Шеберлік шыңы» номинациясында - Ксения Александровна Зотова, № 20 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі, «Шоқ жұлдызы» номинациясында - Шолпан Төлегенқызы Сачанова, № 26 ЖОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

Байқаудың лауреаттары 8 мұғалім болды: Айгуль Сайлаубайқызы Баймбетова, № 1 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Анар Ғабдулманапқызы Омарова, Жетекші ЖОМ химия мұғалімі, Жанар Жаратқызы Алибекова, № 24 ЖОМ биология мұғалімі, Светлана Владимировна Каллаи, № 36 ЖОМ химия мұғалімі, Анар Қайыртасқызы Сарсекеева, № 41 ЖОМ биология мұғалімі, Полина Геннадьевна Помазанова, № 17 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі, Алима Нұрлыбекқызы Сламханова, К.Бекхожин атындағы ЖОМ физика пәні мұғалімі, Евгения Алексеевна Рамазанова, № 6 ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Қалалық байқауға қатысуға (№ 1, 2, 5, 6, 7, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 23, 24, 26, 27, 30, 34, 35, 36, 37, 39, 40, 41, 43, К.Макпалеев атындағы ЖОМ, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ, К. Бекхожин атындағы ЖОМ, М. Әуезов атындағы ЖОМ, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ) қала мектептерінен 32 мұғалім (химия - 2, бастауыш сыныптар - 6, ағылшын тілі - 3, тарих - 3, қазақ тілі - 3, математика - 2, дене тәрбиесі - 1, информатика - 2, биология - 3, өзін-өзі тану - 2, физика - 2, орыс тілі мен әдебиеті - 3) өтінім берді.