ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілердің мозаика өнеріндегі жұмыстары
10-02-2021 09:23
Жас суретшілердің мозаика өнеріндегі жұмыстары

     «Түрлі-түсті мозаика» атты көрмеге Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілері 15-тен астам мозаикадан жасалған шығармашылық жұмыстар ұсынды. Сәндік өнердегі бұл жаңа бағыт мектебімізде үшінші жыл сынақтан сәтті өтуде. Негізінен мозаикамен бейнелеу өнеріне құмар, дарынды балалар білімдерін жетілдіруде. Мозаикалық жұмыс үшін керамика, шыны, мәрмәр қолданылады. Мозаика өнерінің тамыры  ғасырлар бойы дамып келеді, ал заманауи материалдардың қатысуымен ол жаңа мүмкіндіктер, технологиялар мен бағыттарға ие болуда. Мозаика техникасында жұмыс жасау кезеңі суретшінің табандылығын, шыдамдылығын талап етеді, сонымен бірге қызықты және әсерлі болып табылады.

         Алғаш рет көрмеге, мектебіміздің ұстазы Елена Ивановна Дистельдің жетекшілігімен облыстық және республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегерлері мен жеңімпаздары,  биыл мектеп бітіруші сынып оқушылары Жания Юсупова, Алиса Узденская, Камила Ищук өз жұмыстарын ұсынды, және де олар Омбы қаласындағы «Акварель мүмкіндіктері» халықаралық байқауының, Әзірбайжанда өткен «Менің Ұлттық дәстүрлерім» (2020 жыл), «Бейбітшілік пен келісімде бірге» өңірлік шығармашылық фестивалінің (2019 жыл) қатысушылары болып табылады, Гүлназ Өтегенова «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық байқауында II орынды иеленді (2019 жыл), Анна Иванова «Бейбітшілік пен келісімде бірге» аймақтық фестивалінде III орын алды (2019 жыл), Виктория Правдивец Липецк қаласында (2020 жыл) өткен академиялық сурет пен кескіндеменің «Дәстүрлер» халықаралық байқауында III орынды жеңіп алды. Олар өткен жылдан бастап мозаика техникасындағы өнермен шұғылдана бастады, және көрмеге дайындық кезінде материалдарды қолданылу әдісін, өндіріс технологиясын зерттеп, аға құрдастарының жұмыстарын қадағалады. Көрмеде керамика мен түрлі-түсті әйнектерден жасалған суреттер, пейзаждар және натюрморттар көруге болады. Көрме 15 ақпанға дейін жалғасады.