ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың қосымша білім беру ұйымдары басшыларының кеңесі
10-02-2021 10:44
Қаланың қосымша білім беру ұйымдары басшыларының кеңесі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 9 ақпанда ZOOM платформасында қосымша білім беру ұйымдары басшыларының кеңесін өткізді.

Кеңесте «Қосымша білім беру мекемелерінің қызметі, сайттардың, әлеуметтік желілердің жұмысы, БАҚ-пен байланыс туралы», «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» Мемлекеттік қызметін іске асыру және қосымша білім беру ұйымдарындағы контингенттің сақталуы жөніндегі мониторингтің қорытындылары туралы» мониторинг қорытындылары қаралды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалардың бастамашыл жобаларын дамыту бойынша қосымша білім беру мекемелерінің жұмысы туралы» есеп тыңдалды. Экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде балалар музыка мектебінің жобаларын іске асыру туралы», «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қосымша білім берудің тәрбиелік әлеуеті» жұмыс тәжірибесі қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтказина Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, құжаттаманы жүргізу туралы тапсырмалар берді. БАҚ-пен, сайттармен жұмыс, атаулы күндерді өткізу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.