ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілердің қысқы қиялдары
15-02-2021 09:50
Жас суретшілердің қысқы қиялдары

Екібастұз қаласында өткен «Қысқы қиялдар» облыстық сайысында Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің 10 қатысушысынан 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Онда облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, балалар көркемсурет мектептері мен өнер мектептерінің 300-ден астам оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша графика техникасында орындалған «Туған үйдің жылуы» суреті үшін I орынды 10 жастағы Базарбай Дамира иеленді, ұстазы Анна Валерьевна Аткина. Дамира 6 жастан бастап сурет салумен шұғылданып келеді, ол фломастер және түрлі-түсті қарындаштармен сурет салғанды ұнатады. Өзінің жас жасына қарамастан, ол Чебоксары қаласында және Болгарияның Нова Загора қаласында өткен халықаралық байқаулардың, сонымен қатар Шымкент қаласында өткен республикалық сайыстың қатысушысы болып табылады.

II орынды гуашьпен орындалған «Сұлу қыс» суретімен Руслана Гарбузенко, 6 жаста, иеленді, ұстазы Лариса Борисовна Илларионова. Бұл оның байқауға алғашқы қатысуы және алғашқы жетістігі болып табылады.

III орынды 12 жастағы Дарина Абдулкаюмова "Мерекені күту" суретімен иеленді, ұстазы Айгуль Орынбековна Хабылбекова. Дарина өте талантты, дарынды тұлға, туған қаласын қте жақсы көреді, сондықтан да көбінесе композицияларында қала пейзаждарын бейнелейді.

Сонымен қатар, мектептің 2 оқушысының жұмыстары атап өтілді-гуашьпен орындалған «Қысқы саябақта» суретімен, Жәмиля Табар, 13 жаста, ұстазы Дамир Серікұлы Смыков, ал күңгірт фонда гуаш бояуларымен жасалған «Біздің аулада» суреті үшін Софья Герасименко, 12 жаста, ұстазы Наталия Владимировна Решетова.