ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ынтасы артқан оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді әдістері
15-02-2021 10:22
Ынтасы артқан оқушылармен  жұмысты ұйымдастырудың тиімді әдістері

2021 жылы 11 ақпанда Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен № 20 мектеп-лицей ZOOM платформасында «Жаратылыстану сабағында мотивациясы жоғарылаған оқушыларға сараланған тиімді тәсілдерді ұйымдастыруы» атты онлайн-желінде нетворкинг өткізді.

Мақсаты - мотивациясы жоғарылаған оқушылармен жұмыс тәжірибесін жинақтау. Желілік кеңесте Павлодар қаласы білім бөлімінің әдіскері Н. С. Сабитова мектеп оқушыларына қашықтықтан оқыту кезеңінде мұғалімдердің қиын тақырыптардағы олқылықтарды толтыру тәжірибесі туралы айтты. № 20 мектеп-лицей басшысының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Шарденова Жадыра Борангазиевна қатысушыларды мектеп мұғалімдерінің жұмысымен таныстырды.

Желілік байланыстың практикалық бөлімінде физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеушісі Муликбаева Тоғжан Сұлтанқызы пән бойынша есептер шығару, оқушыларға қиындық туғызатын олимпиада есептерін шығару әдістерін көрсетті. Химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Норпеисова Гульнара Казизоловна мотивациясы жоғарылаған оқушыларға сараланған тәсілдің тиімді әдістерімен бөлісті, интерактивті алаңда проблемалық мәселелерді шешу бойынша диалог құрылды. Желілік байланыстың нәтижесінде қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар берілді, материалдар өз жұмыстарында қолдану үшін қала мектептеріне жіберілді.