ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектепке дейінгі ұйым педагогы - 2021» байқауының қорытынды кезеңнің қатысушылары анықталды
16-02-2021 09:26
«Мектепке дейінгі ұйым педагогы - 2021» байқауының қорытынды кезеңнің қатысушылары анықталды

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 5 - 10 ақпан аралығында «Мектепке дейінгі ұйымның педагогы - 2021» қалалық байқауының «Педагогикалық шеберлік» атты II кезеңін өткізді. Мақсаты - педагогтің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу, педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру.

Осы кезеңде педагогикалық шеберлікті бағалауға құрамында Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің өкілдері бар қазылар алқасының мүшелеріне мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қашықтықтан оқытуды ескере отырып, бейне-сабақ, шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес кезекші топтың балаларымен бейне-іс-шара ұсынды.

ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша «Жүрегімді балаларға беремін» атты III кезеңінде 10 педагог қатысады:  А. С. Нурахметова  (№ 6 сәбилер бақшасы), Е. А. Аужанова (№ 3), И. В. Пятых (№ 126), Ю. Н. Прокопцова (№ 84), Г. А. Макульбекова (№ 42),  Д. К. Усманова (№ 122),  М. Е. Әділбаева (№ 120),  Қ. Р. Ракымжанова (№ 48),  М. Ж. Мұханова (№ 5), В. С. Ганьшина (№ 53).  2021 жылғы 24 ақпанда олар ZOOM  интернет-платформасы арқылы өздерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін таныстыруы тиіс, іске асырылған жобаның негізгі идеясын және алынған нәтижелерді көрсете отырып, өз жұмысының жүйесін ұсынады. Байқау қорытындысы бойынша төрт жеңімпаз анықталады: гран-при, I, II, III орындар және «Шабыт», «Ізденімпаз педагог», «Креативті педагог», «Шығармашыл педагог» төрт номинациялар.