ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқытудағы сараланған тәсіл
25-02-2021 09:25
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқытудағы сараланған тәсіл

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалымен бірлесіп, 2021 жылғы 23 ақпанда ZOOM платформасы арқылы «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқытудағы сараланған тәсілі» атты вебинар өткізді. Мақсаты - жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, мақсат қою дағдыларын, рефлексивті дағдыларды жетілдіру, қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді жоспарлау дағдыларын қолдану. Тренингке осы оқу жылында орыс және қазақ тілдерінде оқытатын қаланың жалпы білім беретін мектептеріне келген 113 жас маман қатысты.

Семинардың модераторлары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері, «ПроЛС» клубының жетекшісі, Нұрахметова Шолпан Саменқызы, тренер Нығметова Бибігүл Жамбылқызы, Павлодар қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының аға менеджері Әлмағамбетов Қайыржан Сағынтайұлы болды.

Вебинардың жұмысы интерактивті форматта өткізілді. Жаттықтырушылар практикалық жұмысты ұйымдастырып, қатысушыларды бірлескен қызметке тартты. Қатысушылар оқыту дифференциациясының мәнін анықтауға, оқу дифференциациясының тәсілдерін ажыратуға, сараланған тапсырмаларды әзірлеуге, әзірленген тапсырмалардың тиімділігін бағалауға үйренді. Сессия залдарындағы әріптестердің ынтымақтастығы оқытудың коллаборативті ортасын құруға және табысты оқушының дағдыларын анықтауға мүмкіндік берді.

 Сараланған тапсырмаларды әзірлеу және әзірленген тапсырмалардың тиімділігін бағалау бойынша кәсіби мәселелерді шешу мақсатында қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді. Жас мамандар әдістемелік базаларын оқытудың жаңа құралдарымен толықтырды. Вебинар материалдары электронды - әдістемелік дайджесте орналастырылып, тәжірибеде қолдану үшін қала мектептеріне таратылды.