ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдістемелік құралдары
02-03-2021 10:15
Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдістемелік құралдары

«Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдіснамалық құралдары» жылдық пилоттық жобасы аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп, 2021 жылғы 26 ақпанда онлайн режимде ZOOM платформасында «Оқушылардың инновациялық қабілеттерін өсірудің әдістері мен модельдері» атты ғылыми-практикалық семинар өткізді. Павлодар қаласының білім беру бөлімінің 100-ден астам өкілі, Еуразия университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, 42 директор орынбасарлары, педагог-зерттеуші, 23 логопед, 42 психолог, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 10 педагог-ассистенті қатысты.

Семинарда Цой Валерий Иванович, әдіскер, талдаушы, т.ғ.к., «Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және Қазақстан халқы академиясы» кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан қаласының жүйелік талдау және модельдеу Академиясының директоры, 30 оқу құралы мен монографияның, өнертабысқа 20 патенттің авторы «Инклюзивті білім беруде оқушылардың инновациялық қабілеттерін өсірудің әдістері мен модельдері және психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдіснамалық құралдары» тақырыбында сөз сөйледі. Өз сөзінде кәсіби қызметтегі типтік қиындықтар негізінде білім беру тапсырысын қалыптастыру мәселелеріне тоқталып, өңірдің негізгі субъектілерінің өзара іс-қимыл моделін, теория мен практиканы ұштастыратын кәсіби қызмет теориясын көрсетті.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу жұмысында педагогтердің пайдалануы мақсатында семинар материалдарын мектептерге жеткізу, шығармашылық топтар мен инклюзивті білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құралдар мен бағдарламалар авторларының қалалық, облыстық және республикалық байқауларға қатысуы, семинарларда, әртүрлі деңгейдегі курстарда педагогтердің біліктілігін арттыру туралы ұсыныстар берді. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.