ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін дамыту
02-03-2021 16:39
Оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін дамыту

«Жас ұланшылар қатарында» қашықтықтан қалалық байқауына Павлодар қаласының № 2, 7, 11, 14, 16, 17, 18, 27, 29, 34, 36, 39, 43 жалпы білім беретін мектептерден, № 20 лицей-мектебінің  5 - 8 сыныптардың 42 оқушысы қатысты. Мақсаты - қазақстандық патриотизмге, Отанға деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық  мүмкіншілігін  дамыту және қолдау.

Байқау шарты бойынша қатысушылар «Актерлік шеберлік», «Менің өмірімнің жарқын сюжеті», «Жасұлан болу қызық па?» номинациялары бойынша бесминуттық бейнероликтер ұсыну керек. Қазылар алқасының өкілдері мазмұнның тақырыпқа сәйкестігін, шығармашылық тәсілді, мазмұндылығын, сюжеттердің бірегейлігін ескерді.

«Актерлік шеберлік» номинациясының қорытындысы бойынша I орынды № 2 мектептің 8 сынып оқушылары Болташев Қобыланды мен Тлеубердинова Аяулым иеленді. Олар Иабековтың «Әпке» драмасы бойынша бейнесюжет түсірді. Олар автордың көркемдік ойын  жеткізіп, белгілі бір ортаны құра алды.

«Менің өмірімнің жарқын сюжеті» номинациясы бойынша I орынды № 29 ЖОМ 7 сынып оқушысы Карнаухова Полина иеленді. «Жазғы репортаж» сюжетінде ол Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапарлары, оның ормандарының  табиғи сұлулығын, Уба және Грамотуха тау өзендері туралы әңгімелеп берді.

«Жасұлан болу қызық па?» номинациясы бойынша  I орынды № 29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Гримоловская Настя иеленді. Өзінің бейнесюжетінде «Гаджеттерсіз өмір» әлеуметтік желілерде өткізетін уақытын  достарымен қарым-қатынас, кітап оқумен, сүйікті хоббиімен айналысуға ауыстырудың жеке мысалын көрсетті. Бейнеде  өзінің таныстары мен достарын спортпен белсенді айналысуға шақырады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификатына ие болды.