ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп мұражайларының қызметін әдістемелік сүйемелдеу
03-03-2021 09:00
Мектеп мұражайларының қызметін әдістемелік сүйемелдеу

Павлодар қаласының білім беру бөлімі М. Катаев атындағы оқушылар сарайымен бірлесіп 2021 жылғы 3 - 23 ақпан аралығында «Мектеп мұражайларының қызметін әдістемелік сүйемелдеу» атты вебинарлар циклін өткізді. Мақсаты - қаланың білім беру ұйымдары мұражайларының рөлін арттыру, мұражайтану бойынша әдістемелік көмек көрсету. Іс-шараға мектеп мұражайларының басшылары, қаланың жалпы білім беретін мектептері басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Вебинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қасенуалиева Маржан Қуандыққызы музей қызметінің бағыттарын іске асыру, мұражай жұмысына инновациялық технологияларды енгізу, БАҚ беттерінде мектеп мұражайларының қызметін насихаттау туралы нормативтік-құқықтық құжаттама бойынша түсіндірме берді. № 14, 19, 11, 5, 17, 6, 24, 33, 36, 37, 43, Б. Момышұлы атындағы № 9 гимназия-мектебі, балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы мұражайларының басшылары мектеп мұражайларының қызметі туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Құрамында Т. Н. Круп, Павлодар педагогикалық университетінің «YMAI» Margulan Centre халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, А. Р. Жүнісова, Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының мұражай ісі жөніндегі бас маманы, Б. С. Бекқожина, әдіскер, М. Катаев атындағы оқушылар сарайы мұражайының басшысы білім беру мекемелеріндегі музейлерді, мұражай бұрыштарын ұйымдастыру және олардың қызметі бойынша әдістемелік ұсынымдар берді. Вебинар қорытындысы бойынша қатысушыларға жұмыс тәжірибесімен алмасу, іздеу-зерттеу, экскурсиялық, әдістемелік мұражай қызметін ұйымдастыру бойынша қатысқаны үшін сертификаттар берілді.