ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас вокалистердің халықаралық байқаудағы жетістіктері
03-03-2021 09:07
Жас вокалистердің халықаралық байқаудағы жетістіктері

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Astana Mega Fest» халықаралық байқауына 4 жастан бастап дарынды балалар қатысты. Қатысушылар вокал бойынша байқауда, оның ішінде Павлодар қаласы М.Әуезов атындағы мектептің «Әнші балапан» вокалдық үйірмесінің «Балапан» триосы да өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Байқаудың ұйымдастырушысы «Astana Mega Fest» халықаралық фестиваль қозғалысы болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша құрамында 2 сыныптың оқушылары Қабиева Жасмин, Әуелхан Азалии, Қайыырлиева Разия бар трио III орынды иеленіп, «Astana Mega Fest» халықаралық фестиваль қозғалысының дипломдарымен марапатталды.

Байқауда олар Ф. Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Ақ мамам» әнімен, А. Асановтың музыкасымен өнер көрсетті. Музыкалық жетекшісі вокал педагогі Шайғазы Айжан Қанатқызы, ол жүлдегерлерді дайындағаны үшін «Astana Mega Fest» халықаралық фестиваль қозғалысының алғыс дипломымен марапатталды. Мектепте «Балапан» триосы 2-ші жыл жұмыс істейді, осы кезеңде қыздар «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» республикалық онлайн байқауында (2020 жыл) I орын алды. Жасмин, Азалия және Разия «Praide» би студиясына барады, оның жетекшісі Смағұлова Лейла Ержанқызы. Бос уақытында олар сурет салғанды, саяхатқа шыққанды ұнатады.

«Әнші балапан» мектеп вокалдық үйірмесінде 2-9 сыныптардың 20 оқушысы айналысады, оның ішінде 3 сынып оқушысы Кузнецова Полина II орын, 2020 жылы «Mega festival KZ» халықаралық байқауында 2 сынып оқушысы Туранова Алема III орын алды. Үйірме қатысушылары арасынан мектеп хоры «Mega festival KZ» халықаралық байқауында, «Абырой» зияткерлік порталының «Менің тәуелсіз Қазақстаным» республикалық онлайн байқауында (2020 жыл) I орын алып, кубокпен марапатталды.