ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бұхар Жырау музейіндегі петроглифтер бойынша жас суретшілердің жұмыстары
04-03-2021 17:35
Бұхар Жырау музейіндегі петроглифтер бойынша жас суретшілердің жұмыстары

2021 жылдың 2 наурызында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Павлодар қаласы  Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы оқушыларының «Әлемге танылған өнер» атты жұмыстар көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрме «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша,  мектептің «Жанданған  петроглифтер» жобасы аясында өтуде. Қойылымға 30-ға жуық сурет пен 10 көлемді жануарлар бейнесі қойылған. Көрменің мақсаты - жұртшылықтың назарын өлкенің тарихына аудару, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде өнердің маңыздылығын көрсету; ежелгі жартастағы суреттерді түсіну әдісін көрсету.

Көрменің ашылуына жас суретшілер, шығарма авторлары және олардың ата-аналары мен мұғалімдері қатысты. Көрмеде Иван Кубасовтың «Өгіз», Жания Жүністің «Қасқыр», Карина Павлюктың «Ақбөкен» және Алина Иванованың «Тазы» жұмыстары жануарлардың көлемді бейнелерін картон, сым, фольга, жіп, шыбық сияқты жұмыста пайдаланылған материалдардың өзгешелігімен ерекшеленеді.

- Жануарлардың пішіндері «Көлемді пластик» техникасымен және сым қаңқа, фольга, папье-маше, картон және акрил бояуларын пайдалана отырып, радициналық емес техникада орындалған. Осы материалдарды қолдана отырып, жануарларды осы техникада орындаудың авторы мектебіміздің мұғалімі Светлана Евгеньевна Рейн, - дейді басшысының орынбасары Инна Владиславовна Масленникова.

Юлия Набиуллина, Валерия Белоцкая, Сафия Гафурова, Дария Серік, Алина Бекпаева, Тамина Курбанали, Мухамедамин Алипов, Маргарита Прилуцкая сиықты 10 жастағы оқушыларымыздың «Арқар», «Жартастағы сурет», «Таңба», «Өткеннің белгілері», «Баянауыл петроглифтері», «Ата дәстүр», «Ежелгі жазба», «Петроглифтер» суреттері калий перманганатының көмегімен ерекше техникада жасалған, бұл жартастар бейнесінің белгілі бір әсеріне, сондай-ақ тушь немесе гуашь көмегімен қол жеткізуге көмектеседі.

- Жобаны құру идеясы Баянауыл петроглифтерін зерттеу негізінде Л. Драверттің «Баян ауыл маңындағы, Жасыбай көліндегі грот жазбасымен» еңбегі мен 1989  жылы «Звезда Прииртышья» газетінде шыққан В. К. Мерцтың «Алғашқы өнердің жаңа ескерткіші» мақаласы негізінде пайда болды. Жобаға басқа балалар да қатыса алады, осы мақсатта ақпан айында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бейнелеу өнері және көркем еңбек ұстаздарына арналған, дәстүрлі емес техникасы бойынша шеберлік сағатын көрсетумен онлайн-семинар өткізілді, - деп айтты басшының орынбасары Инна Владиславовна Масленникова. Көрме 15 наурызға дейін жалғасады.