ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушы жылдам шахматтан облыс кубогын жеңіп алды
10-03-2021 10:54
Павлодарлық оқушы жылдам шахматтан облыс кубогын жеңіп алды

Павлодар қаласының № 1 ЖОМ 9 сынып оқушысы Балмағамбетов Тимур жылдам шахмат бойынша облыс кубогының 1 және 2 кезеңдерінде I орын алды. Ұйымдастырушы - Павлодар шахмат федерациясы. Бұл турнирлерге 10 - 60 жас аралығындағы 80-нен астам шахматшы қатысты. Білікті халықаралық төрешілер бүкіл процесті қадағалады, ойын алаңы мен қоршаған кеңістікті айнала шолу үшін камералар болды.

Тимур мектепте жақсы оқиды, математикалық ойлау қабілеті бар, жаратылыстану-математикалық ғылымдармен (математика, физика, информатика) айналысады, шахмат бойынша ғылыми және әдеби кітаптарды көп оқиды. 2019 жылы физика пәні бойынша қалалық президенттік олимпиадада III орын алды. Облыстық математикалық олимпиадаға қатысты.

Шахматпен 11 жастан бастап айналысады, қазіргі уақытта шахмат үйі мен шахмат академиясына барады. Жаттықтырушы Константин Викторович Казаков, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы. 2019 жылы «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат» атағын алды. Осы кезеңде ол 10 алтын, 8 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды. 2019 жылы Павлодар облысы әкімінің кубогы мен алтын медаль иегері атанды. «Burabay Open – 2019» республикалық турнирінде жүлделі орынға ие болды, 2020 жылы оқушылар арасындағы онлайн әлем чемпионатына қатысып, V орынға ие болды. «Al-Farabidin 1150 jildyq mereitoiyna arnalgan Onlain Tyrnir 2020» республикалық онлайн турнирінің жүлдегері. Шахматтан X жазғы қазақстандық гимназиадада Павлодар облысының атынан қатысып, 1 орынға ие болды. Турнирге әр облыстың үздік шахматшылары қатысты. Облыстық және республикалық онлайн турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері.

Бос уақытында Тимур атақты шахматшылардың өмірбаянын зерттеумен айналысады, шахмат платформасында өзінің оқыту бейнероликтерін жасау бойынша жұмыс істейді.