ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар мектебінің үздік тәлімгері
11-03-2021 10:06
Павлодар мектебінің үздік тәлімгері

«Жыл тәлімгері» облыстық байқауына Павлодар қаласының № 24 ЖОМ тәлімгері Лидия Юрьевна Моисеенко қатысты. Мақсаты -педагогикалық шеберлік дәрежесін анықтау, аға тәлімгер мәртебесін арттыру.

Байқау 2 кезеңнен тұрды - «Портфолио» іскерлік папкасы түрінде өз іс-әрекетінің презентациясы - қызмет жүйесі, жұмыс тәжірибесі және «Қазіргі тәлімгер. Ол кім? Ол қандай болу керек?» тақырыбына эссе жазу. Байқаудың шарттары бойынша қазылар алқасы қоғамдық бірлестіктің игілігі үшін тәлімгерлердің жұмысын, жұмыстың тәсілдерін, технологиялары мен әдістемелерін, инновациялық әдістері мен тәсілдерін, ұйымдастырушылық, креативті, коммуникативтік қабілеттерін ашатын іс-шараларды талдауды ескерді.

Байқау қорытындысы бойынша өңірдің жалпы білім беретін мектептерінен 42-ден астам қатысушының ішінде Лидия Юрьевна «Үздік жас тәлімгер» номинациясы бойынша II орын алып, облыстың «Жас Ұлан» ББЖҰ II дәрежелі дипломымен марапатталды.

Лидия Юрьевна мектепте 1 жылдан астам жұмыс істейді, осы кезеңде ол әртүрлі деңгейдегі іс-шараларда өзінің белсенді позициясын көрсете алды. Ол мектептің жас мамандары арасындағы «Debateclub» еріктілер клубының жетекшісі. 2020 жылы мектепте 8 - 11 сыныптардың 600 оқушысының, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен Еріктілер жылына арналған іс-шаралар аясында «Еріктілер - өз еліне» форумы өткізілді. 30-дан астам жас мамандарға, еріктілер клубтарының басшыларына сертификаттар, медальдар табысталды. Мектеп оқушылары аға тәлімгермен бірге «Жас Ұлан» ББЖҰ «OFFLINE KYNI» облыстық және республикалық акциясына қатысты.

Ол Павлодар қаласының ТИСО математиктер шығармашылық тобының мүшесі болып табылады, 2020 жылы математика пәні мұғалімдері арасындағы қалалық байқауда «Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2020» әдістемелік әзірлемесі үшін I орын алды. Қалалық тамыз конференциясында «Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып математиканы оқытудың ерекшеліктері» баяндамасы үшін Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Үздік баяндама» атты грамотасымен марапатталды. «Үздік жас маман - 2020» республикалық байқауында «Үздік жас маман» номинациясы бойынша төсбелгі және I дәрежелі дипломмен, 2021 жылы «Кәсіби құзыреттілік: математика мұғалімі» республикалық олимпиадада I дәрежелі дипломмен марапатталды.