ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқаудың вокал бойынша жеңімпазы
12-03-2021 09:10
Республикалық байқаудың вокал бойынша жеңімпазы

Балалар мен жастар арасындағы «Інжу-Маржан» халықтық-дәстүрлі өнердің республикалық қашықтық байқауына Павлодар қаласының «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Бірлік» атты клубының тәрбиеленушісі, № 24 ЖОМ 4 сынып оқушысы Алуа Амангельдинова қатысты. Байқау «Эстрадалық вокал», «Вокалдық орындау», «Көркем сөз», «Поэтикалық өнер», «Аспаптық орындау», «Дәстүрлі ән», «Хореография», «Шығарма», «1000 және 1 мақал», «101 жұмбақ», «Мақал-мәтелдер», «Бейнелеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша өтті.

Байқау қорытындысы бойынша «Эстрадалық вокал» номинациясында сөздері мен музыкасы Бейсенова Ботаның, «Қасиетті домбыра» әнін орындағаны үшін I орынды иеленіп, I дәрежелі медаль және дипломмен марапатталды. Клубтың ұстазы Сарсебеков Батырбек Жақсылықұлы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Алуа «Бірлік» клубында 4 жыл вокалмен айналысады. Осы кезеңде ол Павлодар қаласындағы «ВЕ А STAR» республикалық байқауында гран-при иегері, Алматы қаласында өткен «Miss IQ STAR online» республикалық байқаудың «Сиқырлы дауыс аруы» (2020 жыл), «Ой Зерек» (2021 жыл) номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.

Мектепте жақсы оқиды, республикалық математика байқауының жеңімпазы (2020), түрлі оқуларға, көркем байқауларға қатысады. Абай және Шәкәрім, А.Байтұрсынов республикалық оқуларының, Абайдың 175 жылдығына арналған «Жүректің көзі ашылса» мәнерлеп оқу байқауының, «Абай бейнесі» байқауының, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Міне, қандай біздің жазымыз» I халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпазы. «Жаманбалинов оқулары» (2020 жыл) қалалық байқауында үздік жатқа оқығаны үшін облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алғыс хатымен марапатталған

Ол республикалық «Өнерпаз болсаң - арқалан» көркем сөз байқауларының, «Ұлы дала өнері» қазақ фольклорының «Көркем сөз» номинациясы бойынша, Алтынсарин оқулары зияткерлік байқауының, А. Байтұрсынов оқуларының, Абай әлемі зияткерлік байқауының (2020 жыл) жүлдегері. Мектепте хореография үйірмесіне қатысады, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнермен айналысады.