ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
5 - 6 сыныптардың 45 математигі қаланың олимпиадалық командасын толықтырды
12-03-2021 09:30
5 - 6 сыныптардың 45 математигі қаланың олимпиадалық командасын толықтырды

2021 жылғы 10 наурызда мектеп оқушыларының қалалық математикалық олимпиадасына Павлодар қаласының 40 жалпы білім беретін мектептерінен 5 - 6 сыныптардың 153 оқушысы қашықтық форматта қатысты. Мақсаты-оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру, математикадан олимпиадалық резерв құру.

Олимпиада оқу бағдарламасы бойынша өткен материалдарды ескере отырып, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары әзірлеген Google формадағы 15 тест сұрағынан тұрды. Олимпиадалық тапсырмаларды орындау қорытындысы бойынша ең көп ұпай  жинаған 45 оқушы, оның ішінде І орынды - 8 оқушы, ІІ орынды - 13 оқушы, ІІІ орынды - 24 оқушы алды.

I орынды № 9 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Арғын Иманғұлов, 6 сынып оқушысы Салман Тұрсынов - өткен жылы ІІI орынды иеленді (№ 16 мектеп-лицей), Хамза Сарбупеев (№ 17 ЖОМ), Аяжан Балтабаева (№ 24 ЖОМ), Ақылжан Тулеуғазы (№ 25 ЖОМ), Елизавета Пак (№ 26 ЖОМ), Дмитрий Дегтярев (№ 29 ЖОМ), Амира Аманжолқызы (№ 35 ЖОМ).

Екінші жыл қатарынан жүлдегерлер 6 сынып оқушылары Соловицкий Адриан II орын өткен жылы III орын (№ 43 ЖОМ), Бровко Роман - II және I орын (№ 9 мектеп-гимназия), Дуйсембек Молдир - III және I  орын (№ 1 ЖОМ) иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.