ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық 5 оқушы облыстық зияткерлік олимпиаданың жүлдегерлері атанды
15-03-2021 09:22
Павлодарлық 5 оқушы облыстық зияткерлік олимпиаданың жүлдегерлері атанды

2021 жылдың 12 наурызында I облыстық гуманитарлық олимпиадаға облыстың мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінің 8 - 11 сыныптарынан 148 оқушы және Павлодар  қаласының жалпы білім беретін мектептердің 8 оқушысы № 2 (2), 9, 16, 17, 19 (2), 39 қалалық турдың жеңімпаздары қатысты. Олимпиада онлайн режимінде Gogle-disk платформасында өткізілді. Мақсаты - ұлттың рухани дамуының және қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болып табылатын оқушылардың оқу мәдениетін дамыту, өз халқының тарихына танымдық қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

Зияткерлік пәнаралық олимпиада Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті бойынша білімді жүйелеуге, мектеп бағдарламасына енбеген көркем шығармалармен танысуға бағытталған. Олимпиада оқушыларға күрделі проблемалық тапсырмаларды шеше білу қабілетін тексеруге, нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Қатысушылар тестің 25 сұрағына жауап беріп, И. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша «Алмасқылыш» романында қазақ хандығының құрылуы: тарихи ақиқат, көркем шешім», «Жанталас» романында Абылай хан бейнесі: тарихи тұлға және көркем образ», «Қаһарман» романында халықтың тәуелсіздігі үшін күрес: тарихи-танымдық және эстетикалық маңызы» тақырыптарының біріне эссе жазды.

Қазылар алқасының құрамында қаланың жоғары оқу орындарының оқытушылары жұмыс істеді. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының 5 оқушысы жүлдегер атанды.

ІІ орынды 8 сынып оқушылары арасында Томирис Дюсембаева, 9 сынып оқушылары арасында Аделя Акишпаева, № 2 мектеп оқушылары, 11 сынып оқушылары арасында № 19 мектеп оқушысы Аделя Досаева иеленді.

ІІІ орынды 10 сынып  оқушылары  арасында  № 39 ЖОМ оқушысы Жумаканова Жұлдыз, № 19 ЖОМ оқушысы Найманбаева Нұргүл  иеленді. Томирис «Жанталас» романындағы Абылай хан бейнесі: тарихи тұлға және көркем образ» атты эссесінде романның тарихи фактілеріне өз көзқарасын білдірді, баяндау стилімен, оқиғаларды талдау және бағалау элементтерімен ерекшеленді. Аделя Досаева «Қаһарман» романында халықтың тәуелсіздігі үшін күрес: тарихи-танымдық және эстетикалық мәні» атты эссе жазып, оқиғаларды қазіргі заманмен сауатты байланыстыра алды, фактілер туралы пайымдаумен ерекшеленді, қазақ халқының тәуелсіздігі туралы қазіргі заманғы тарихи зерттеулердің мысалдарын келтірді, тұжырымдарды дәлелдеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.