ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру мекемелерінің Наурыз мейрамын мерекелеуге қатысуы
15-03-2021 17:54
Білім беру мекемелерінің Наурыз мейрамын мерекелеуге қатысуы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес Наурыз мейрамын 10 күндік мерекелеу бойынша қаланың білім беру мекемелерінде байқаулар, челендждер, көрмелер, концерттер, шеберлік сыныптар, спорттық жарыстар мен ойындар, виртуалды экскурсиялар, сән көрсетілімдері өткізіледі. Іс-шараларға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 40 мыңнан астам оқушылары ата-аналарымен және педагогтарымен бірге қатысады. Мақсаты - қоғамды топтастыру, қазақ халқының ұлттық бірегейлігі мен мәдени өзіндік ерекшелігін сақтау, танымал ету үшін жағдай жасау, қазіргі заман жағдайында қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, танымал ету, қазақ тілін дамыту, азаматтық қоғамда достық пен сенімді нығайту, отбасы институттарын, қайырымдылықты дамыту.

Онкүндікдің алғашқы күндерінде қаланың, облыстың танымал адамдарымен онлайн конференция форматында кездесулер өтті. 15 - 20 наурыз аралығында оқушылар «Ертегі айтып берейін» қазақ халық ертегілері байқауына қатысып, таңдалған ертегінің аудио жазбасын жүргізеді.

15 - 19 наурыз аралығында «Тоғыз құмалақ», «Асық ату» ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізіледі. Жас спортшылардың жалпы қамтылуы 3000-нан астам баланы құрайды.

15 - 20 наурызда оқушылар арасында «Табиғатты аялайық» акциясы өтеді, акция барысында мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері, қала оқушылары құмыраға гүл отырғызады. 15 наурызда экология және туризм орталығы оқушыларға «Гүл шоқтарын қалай отырғызу керек?» атты оқушыларға шеберлік сабағын өткізеді

15 - 22 наурыз күндері мектеп, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептен тыс ұйымдардың ұжымдары «Этно-Fashion» фестиваліне қатысып, қазақтың ұлттық киімдері мен әшекейлерін көрсетеді.

17 наурызда «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы балалармен қазақ тілін білуге арналған «Қазақшан қалай!» атты сұхбат өткізеді (сюжеттер түсіру), ұлдар мен әкелер арасында «Жігіттің түсін айтпа, існ айт» байқауын өткізеді.

18 - 23 наурыз аралығында балалар көркемсурет мектебі тәрбиеленушілер арасында «Мақал мәтелдер - халық даналығы» атты челленджді өткізеді, қатысушылар мақал-мәтелдер жазып, дыбыстауы тиіс.

18 - 23 наурызда балалар музыка мектебі мен мектеп филиалдары «Күлімде, Наурыз күлімде!», «Наурыз мейрамы», «Хош келдің, Наурыз», «Армысын, Әз Наурыз» атты онлайн концерттерді ұсынады.

19 наурыз күні бастауыш сынып оқушылары арасында «Үздік бата» челленджі, 7 - 9 сынып оқушылары арасында «Ата - баба өсиеттері» эссе байқауы өтеді, «Этностиль» байқауында қала оқушылары ұлттық сән көрсетілімін ұсынады.

Мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында мектептер «Бауырсақ TIME» акциясына белсенді қатысуда.

Мұғалімдер арасында «Наурыз айтысы» іс-шарасы жоспарланған, онда қала мектептерінің жас ақындары қатысады.