ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша мектеп жұмысының тәжірибесінен
17-03-2021 09:12
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша мектеп жұмысының тәжірибесінен

15 наурызда ZOOM платформасында «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке қызмет түрлері мен даму бағдарламаларын қолдану» қалалық семинар-практикумы өткізілді. Оған инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін директорлардың 100-ден астам орынбасарлары, пән мұғалімдері, педагог-психологтар, логопед-мұғалімдер, ассистент-мұғалімдер, Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің әлеуметтік педагогтары қатысты.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Сәменқызы Нұрахметова «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту бағдарламалары мен маршруттарын жасау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында қалалық семинарда сөз сөйледі. Ол ерекше білім беруді қажет ететін балалардың даму ерекшеліктерін есепке алу, мектеп педагогтарының өзіндік сыныптарда нормативтік-құқықтық актілер мен нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдардың орындалуын бақылау мәселелеріне назар аударды.

Практикалық бөлімде № 24 мектептің тарих, география, физика және математика мұғалімдерінің, логопедтерінің, психологтарының және әлеуметтік педагогының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс тәжірибесі ұсынылған. Ахметжанова Зибагүл Жаңбырбайқызы, директордың орынбасары «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімде ұйымдастыру жолдары» тақырыбында сөз сөйледі. Бексеитова Лязат Қасымқызы, физика және математика мұғалімі баланың жеке басын өзін-өзі тану және әлеуметтендіру процесінде математика және физика сабақтарында балалардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Тарих пәнінің мұғалімі Әділхан Бисенұлы Баталлов тарих сабағында және кәсіптік бағдар беру жұмысында балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. География пәнінің мұғалімі Зауреш Мулюковна Тунгушева география сабағында балалармен жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдері, жеке бейімделген бағдарламаларды құрастыру тәжірибесі туралы айтты. Калиева Жанар Термежанқызы, Жанұзақова Данагүл Мақсатқызы, педагог-психологтар балаларды психологиялық сүйемелдеу бойынша материалдармен таныстырды. Логопед-мұғалім Жұмашева Әсият Құдайбергенқызы мектеп логопедінің жұмыс әдістері бойынша электронды презентация өткізді. Меньщикова Фаина Чолпановна, әлеуметтік педагог ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына кеңес беру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсету бойынша нақты мысалдар келтірді.

Семинар қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігінің мектепішілік бақылауды ұйымдастыру, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасау және нормативтік құжаттарды орындау бойынша мектептердің педагогикалық ұжымына талдау жасау және көмек көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Семинар материалдары практикада қолдану үшін қала мектептеріне жіберілді.