ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстың білім беру бөлімдерінің басшылары қала мектептеріне келді
19-03-2021 15:16
Облыстың білім беру бөлімдерінің басшылары қала мектептеріне келді

Павлодар облысы білім басқармасының бастамасымен аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған мектеп директорлары Павлодар қаласының білім беру ұйымдарына барды. Қонақтар М.Әлімбаев атындағы жаңа мектепте, «Заманауи мектеп» жобасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген № 28 ЖОМ, оқу-өндірістік комбинатта болды.

М. Әлімбаев атындағы мектебінің директоры қонақтарға заманауи кабинеттерді, танымал қазақ ақыны, әдебиеттанушы М. Әлімбаевқа арналған бірегей музейді таныстырды. Мұражайда Ертіс өңірінің тарихы, оның флорасы мен фаунасының экспозициялары бар.

Павлодар қаласының № 28 мектебінде «Заманауи мектеп» облыстық жобасы аясында материалдық-техникалық базаны кешенді жабдықтау, экстерьер мен интерьердің бірыңғай стандарты, іргелес аумақтарды абаттандыру, мектеп логотипі, құрылыс материалдары мен жиһаздардың сапасы кіретін, ғимаратқа толық күрделі жөндеу жүргізілді.

Одан әрі қонақтар Павлодар қаласының елімізде теңдесі жоқ оқу-өндірістік комбинатына барды. «Заманауи мектеп» жобасы аясында оқу-өндірістік комбинатының жаңартылған ғимаратында комбинатын басшысы экскурсия өткізді, қатысушыларды оқу кабинеттерін жаңарту бойынша жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Қонақтарға көлік ісі, графикалық дизайн, Beauty-студия, медициналық көмек кабинеттері ұсынылды.