Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 19 наурызда «Қазіргі заманғы мектеп» бағдарламасы шеңберінде жөнделген қаланың оқу-өндірістік комбинатының базасында, білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы қаланың жалпы білім беретін мектептерінің әдістемелік бірлестіктерінің басшыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығы - білім сапасын арттырудың маңызды құралы» мәселесі талқыланды.
Дінислам Болатханұлы құттықтау сөз сөйледі. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Самал Оспанқызы Айтқазина өз сөзінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша педагогтер қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті. Кездесуге қатысушылармен PISA, TIMMS, PIRLS халықаралық зерттеулеріндегі біздің оқушыларымыздың нәтижелілігі, қала және әрбір білім беру мекемесі деңгейінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша іске асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігі, білім беру сапасын арттыру проблемалары және оларды шешу жолдары туралы мәселелер талқыланды.
Оқу-өндірістік комбинатының жетекшісі Ирина Викторовна Базько оқу орнына экскурсия жүргізу барысында кабинеттің оқу-материалдық базасын нығайту бойынша жұмыстар туралы айтып берді. Қала мектептерінің әдістемелік бірлестіктерінің басқа басшылары үшін онлайн режимде қатысу мүмкіндігі берілді.