ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас каратешілердің жетістіктері
25-03-2021 10:12
Жас каратешілердің жетістіктері

КАТА каратэ-додан ашық қалалық онлайн біріншілікте 10 команда құрамында 105 тәрбиеленуші 8 павлодарлық клубтан 19 жас санатында 7 - 18 жастар арасында жарыс өтті. Оның ішінде 80  тәрбиеленуші «Жігер» балалар және жасөспірімдер клубының «Балшуақ», «Болашақ», «Айналайын», «Сауран», «Рақым» бөлімшелерінен.  Ұйымдастырушы Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі болып табылады.

Біріншілік қорытындысы бойынша «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубының  72 тәрбиеленушісі жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 16 қатысушы, ІІ орын -13, III орын - 33.

I орынды «Балшуак» клубының тәрбиеленушілері Проскурина Валерия, Беневская Анжелика, Жұмабаев Дархан, Мұсағалиева Аяна, Ольков Артем (бапкері Владислав Николаевич Никитин Облыстық дәстүрлі каратэ-до және кобудо  федерациясының президенті, қара белбеу ІІ дан), «Сауран»  клубының тәрбиеленушілері Нургалиева Меруерт, Дамир Жақыпов, Мұкұш Аймира, «Болашақ»  клубының тәрбиеленушілері Кайргельдинов Арлан, Киюбаев Әлішер, Баубек Кәусәр, (жаттықтырушы Минин Олег Константинович, спорт шеберіне үміткер, қара белбеу, I дан, «Жігер» БЖК педагогі), «Айналайын» клубының тәрбиеленушілері Баймағамбетов Айдар, Анна Малыгина, Мусат Мейржан, Шәкәр Диас, Қожабек Еркежан (жаттықтырушы Оспанов Фархат Маратұлы, спорт шеберіне үміткер, қара белбеу, I дан, «Жігер»  клубының педагогі).

Олардың көпшілігі әр түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. Мәселен, Проскурина Валерия, 17 жаста, Павлодар қаласы № 9 ЖОМ 11-сынып оқушысы каратэмен 7 жасынан айналысады, қоңыр белбеу иегері.  Ол каратэ бойынша Астана қаласында өткен «Astana Open» ашық республикалық турнирінің, каратэ-до бойынша жаттықтырушыларды еске алу құрметіне ұйымдастырлған жарыстың, Павлодарда өткен турнирлердің жүлдегері, Новосибирск қаласында онлайн өткен  турнирде каратэ-до WKF «Табыс кубогі» табысталды (2020 жылы). Беневская Анжелика, 10 жаста, Павлодар қаласының № 4 ЖОМ 4 сынып оқушысы каратэмен 4 жасынан айналысады, жасыл белбеу иегері, 6кю жеңімпазы, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарда  І-ші орын алды. Каратэден ашық «Алматы - OPEN 2020» каратэ-додан өңірлік сайысында, Семей қаласында (2019 жылы) каратэ бойынша жарыстарда,  каратэ-до бойынша «Ашық онлайн Павлодар қаласында біріншілігінде (2020, 2021 жылдар), III орынға  Қарағанды қаласы өткен  жаттықтырушыларды еске алуға  орай  ұйымдастырылған турнирде (2020 жыл), каратэ-до бойынша «Nursultan - OPEN 2019» Нұр-Сұлтан қаласындағы  жарыстарда жеңімпаздар қатарында болды. Мусагалиева Аяна, 13 жас, № 22 ЖОМ 7 сынып оқушысы каратэ 5 жасынан бастап  айналысады, көк белбеу иегері, 5кю, қалалық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы. «Алматы - OPEN 2020» каратэден ашық біріншілігінде III орын алды (2020 жыл), Семей қаласында өңірлік каратэ-до жарысында III орын (2019 жыл), «Каратэ-додан Павлодар қаласы ашық онлайн біріншілігінде» I орын  (2020, 2021 жылдары).