ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Психикалық дамуы тежелген оқушылармен түзету-дамыту жұмысы
26-03-2021 09:25
Психикалық дамуы тежелген оқушылармен түзету-дамыту жұмысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің психологтарының шығармашылық тобы 18 наурызда «Психикалық дамуы тежелген оқушылардың эмоционалды-тұлғалық саласының бұзылуын түзету әдістері» атты онлайн семинар өткізді. Қаланың орыс және қазақ тілдерінде оқытатын 42 жалпы білім беретін мектебінің 50-ден астам психологы қатысты.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова, қалалық шығармашылық топтың жетекшісі Ирина Владимировна Карпова, № 26 ЖОМ педагог-психологы «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2021» қалалық байқауына ұсынылған үздік әдістемелік-дидактикалық құралдарды таныстырды. № 25 ЖОМ педагог-психологы Ордабаева Жанар Бейсенбайқызының «Танымдық қабілеттерін дамыту» атты әдістемелік құралы, 2-сынып оқушысының назарын дамыту үшін - № 32 ЖНМ педагог-психологі Бережная Анастасия Алексеевна және бастауыш сынып мұғалімі Бауэр Наталья Владимировнаның «Внимание, Внимание!» атты жаттығулар жинағы ұсынылды.

Ордабаева Жанар Бейсенбайқызы «Психикалық дамуы тежелген оқушылардың эмоционалды-еріктік саласын түзету әдістері» тақырыбында эмоционалдық дамуы тежелген оқушылармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті, № 37 ЖОМ педагог-психологы Ханафия Мадина «Нейро-гимнастикалық жаттығулар психикалық дамуы тежелген балалардың эмоционалды-тұлғалық саласының бұзылуын түзету әдісі ретінде» тақырыбымен таныстырды. Абешева Меруерт Берікқұлқызы, № 2 ЖОМ педагог-психологы «Психикалық дамуы тежелген оқушылармен түзету-дамыту жұмысы» тақырыбында сөз сөйледі. Қатысушылар пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға көмек көрсету үшін материалдарды, практикалық ойындар мен жаттығуларды, дамытушы тапсырмаларды, түзету жұмыстары бойынша практикалық ұсыныстарды талқылады. Семинар материалдары практикалық қолдану үшін қала мектептеріне жолданды.