ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыс балаларының экоұрандар бойынша иллюстрациялардағы суреттері
29-03-2021 15:22
Облыс балаларының экоұрандар бойынша иллюстрациялардағы суреттері

    Балалар көркемсурет мектебі 2021 жылдың ақпан айында «Менің елімнің экологиясы» экологиялық жобасын іске қосты. Жоба аясында жыл бойы экологиялық сағат бойынша вебинарлар, экофестиваль, экобайқаулар, аумақты тазалау бойынша акциялар, фотобайқаулар өтеді. Мақсаты - балаларды экология проблемаларына баулу, экологиялық мәдениетке баулу, өзекті экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік қызметті ынталандыру.

   12 - 18 наурызда эко-ұрандарды суреттеу бойынша балалар суреттерінің облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Қатысушылар Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының, Тереңкөл, Баянауыл, Ақтоғай, Павлодар, Ақкөл, Успен, Железин, Ертіс, Май, Шарбақты аудандарының 53 жалпы білім беретін орта мектептерінен, мектептен тыс ұйымдардың, балалар көркемөнер мектептерінің, көркемөнер бөлімдерінің 300-ге жуық жұмысын ұсынды.

    - Біз І, ІІ, ІІІ дәрежелі 18 жеңімпаз бен жүлдегерді анықтадық және 45 қатысушы «бірегейлігі үшін» үшін ынталандыру сыйлықтарын алды, - дейді қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы көркемөнер Академиясының корреспондент мүшесі, суретші, Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі Тақирбасов Ерсін Қасқиұлы.

  Жұмыстар жалпы білім беретін мектептер мен көркемөнер мектептерінің, өнер мектептерінің көркемөнер бөлімдерінің оқушылары арасында 7-ден 10 жасқа дейін, 11-ден 13 жасқа дейін, 14-тен 16 жасқа дейін 3 жас санатында қаралды.

    I дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен 6 оқушы марапатталды. Жеңімпаздар қатарында ең кішкентай суретшілер Мальцев Кирилл, 8 жаста, Тереңкөл ауданының Берегов ЖОМ оқушысы акварель техникасында орындалған «Табиғатты сақта, қалдықтарды іске жарату» суреті үшін, Теміржанова Айым, 10 жаста, Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, фломастермен орындалған «Қоқысты бөліп, бактарға салу керек» суреті үшін марапатталды. Қажмұрат Аружан, 13 жаста, Екібастұз қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушысы гуашь техникасында орындалған «Жерді, ауаны және суды таза ұста» суретінде адамның судың ластануы су кеңістігінің тұрғындары үшін ауыр зардаптарға әкелетінін бейнелеген. Александрова Карина, 13 жаста, Шарбақты ауданы мектебінің оқушысы, «Макулатураның тоннасын тапсыр, бұлшық етін мықты болады» суретінде құрдастарын орманды сақтау үшін макулатураны жинап тапсыруға шақырады.

     - «Жер біздің үйіміз - оны ластама» атты өз жұмысымда мен жер планетасын ластауға болмайтынын, оны қорғауымыз керек екенін көрсеттім, - дейді Екібастұз қаласының № 1 лицей-мектебінің оқушысы, 14 жастағы Таисия Ковалева.Екібастұз қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Ораз Дана гуашь бояуларымен орындалған «Біз орман үшін, біз су үшін, керемет табиғат үшін» суретін ұсынып, жерді көкқұтан бейнесіндегі тіршілік иесі ретінде көрсетті. Дана өзінің суретінде жер өте нәзік екенін және оны өзі мен ұрпақтары үшін сақтау біздің парызымыз екенін адамдарға жеткізгісі келді.

     II дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен 6 қатысушы, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен 6 қатысушы марапатталды, 45 қатысушы өзіндік ерекшелігі үшін дипломдармен ынталандырылды. Жеңімпаздар жұмыстарының фотосуреттері облыс бойынша баннерлер түрінде жұртшылыққа көрсету және үгіттеу үшін пайдаланылатын болады.