ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Каникул кезінде қала олимпиадашылары пәндер бойынша білімдерін шыңдайды
29-03-2021 15:48
Каникул кезінде қала олимпиадашылары пәндер бойынша білімдерін шыңдайды

Көктемгі мектеп каникулдары кезеңінде 2021 жылғы 25 - 31 наурыз аралығында ZOOM платформасында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының олимпиадалық резервінің 2 мектебінде үшінші ауысымда сабақтар өткізіледі. Мақсаты - оқушыларды жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалардың қалалық және өңірлік кезеңдеріне дайындау.

9 - 11 сынып оқушыларына арналған «Алтын сын» мектебінің сабақтарына 336 олимпиадашы, 6 - 7 сынып оқушыларына арналған «Жас ғалым» мектебіне 357 оқушы қатысады. Оқытушылар Торайғыров  атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің  өкілдері, № 25, 34 мектептердің шеберлері, педагог-сарапшылары, педагог-зерттеушілері болып табылады.

Айта кету керек, биылғы оқу жылында олимпиадашылар саны 20%-ға артып, 693 оқушыны құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда-олимпиадалық резерв мектептері 113 оқушымен толықтырылды. Сондай-ақ, өткен жылы 13 пән бойынша, биылғы оқу жылында 15 пән бойынша (математика, физика, география, информатика, химия, қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, неміс тілі, құқық негіздері, биология) оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.

- Қала мектептерінің оқушылары қатарында  талантты, білімқұмар және шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар аз емес. Орталықтың бірінші кезектегі міндеті әртүрлі қызмет түрлерінде жоғары қабілет деңгейін немесе ерекше дарындылықты көрсететін балаларды қолдау үшін жағдай жасау болып табылады, оқушылардың   бос уақытын  қамтуды ұйымдастыру жалпы білім беретін мектептермен және мектептен тыс мекемелермен өзара қызмет жүргізіледі, - дейді орталық басшысы Ақмарал Люлятовна Мұхаметжанова.

Айта кету керек, он жылдан астам уақыттан бері Павлодар қаласының командасы жетекші орынға ие және «Үздік олимпиадалық команда» номинациясының иегері болып табылады. Биылғы оқу жылында қала мектептерінің 10 оқушысы сәуір айында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысу үшін облыс құрама командасының құрамына кірді.

Математика пәні бойынша қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздар   қатарында № 38 ЖОМ 8-сынып оқушысы Тілеубайұлы Мұстафа, 6 сынып оқушысы Борецкий Никита, № 9 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Троян Леонид, № 16 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Семенов Александр, № 34 ЖОМ 8-сынып оқушысы Абишев Нариман, № 17 ЖОМ 9-сынып оқушысы Смагин Александр бар.

Лингвистикалық олимпиаданың бірнеше мәрте жүлдегері № 14 ЖОМ   9 сынып оқушысы Богомолова Дарья. Дарья лингвистикалық ғылымдармен айналысады және филология бойынша жақсы білімге ие, қашықтықтан халықаралық олимпиадалардың, қалалық ғылыми жобалардың жеңімпазы және жүлдегері болып табылады.

Қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау және оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі шығармашылық байқаулар өткізіледі. Сонымен, № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Сурумбетова Камилла, № 30 ЖОМ 10 сынып оқушысы Кеңес Ажар, № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Мажитова Аделия республикалық шығармашылық конкурстарда сәтті өнер көрсетіп, күміс және қола медальдарды жеңіп алды.