ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды критериалды бағалау
30-03-2021 10:01
Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды критериалды бағалау

Павлодар қаласының білім беру бөлімі педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесіп 2021 жылғы 26 наурызда «Критериалды бағалау» тренингін өткізді. Мақсаты - жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың критериалды (формативті бағалау) бағалауын ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру. Тренингке бірінші жылы жұмыс істейтін қала мектептерінің қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 107 жас маман қатысты.

Оқушыларды критериалды бағалау, кері байланысты ұйымдастыру мәселелері бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері, «ПроЛС» клубының жетекшісі Шолпан Саменқызы Нұрахметова түсініктеме берді. Тренингті қатысушылармен педагогикалық шеберлік орталығы филиалының Павлодар қаласындағы аға менеджері, Buroakzent бүкілресейлік халықаралық тренерлер байқауының «Тәжірибелі жаттықтырушы - 2019» номинациясы бойынша жеңімпазы Мельникова Юлия Геннадьевна, педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері, дербес тренингтер мен вебинарлардың авторы Ибраева Айман Рахимжанқызы өткізді. Қатысушылар критериалды бағалауды ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы сұрақтарды зерттеді, қалыптастырушы бағалаудың мифтері мен фактілерін қарастырды, қалыптастырушы бағалауды құру алгоритмін талдады, білімді интеграциялаусыз бүгінгі күні практикалық қызметті ұйымдастыру мүмкін еместігіне көз жеткізді.

Тренинг материалдары электронды - әдістемелік дайджестке орналастырылды және тәжірибеде қолдану үшін қала мектептеріне таратылды