ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар Абай шығармаларын үш тілде оқиды
30-03-2021 11:04
Павлодарлық оқушылар Абай шығармаларын үш тілде оқиды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және  балалардың  дарындылығын  дамыту орталығымен  2021 жылғы 17 - 25 наурыз аралығында Ұлы Абайдың шығармашылығына арналған қашықтық  олимпиадасы өткізілді. Мақсаты - Абай шығармаларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білу. Байқауға 8 - 10 сыныптардан 67 оқушы қатысты, оның ішінде 8 сынып оқушылары - 23, 9 сынып оқушылары - 21, 10 сынып оқушылары - 23 оқушы, оның ішінде 36 оқушы мемлекеттік тілде білім беретін мектептерден.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша «Абай шығармашылығындағы табиғат», «Абайдың философиялық ойлары», «Абай өмірі мен шығармашылығы» тақырыптарында № 1, 6,11, 16,19, 26 (2), 36, 37, 39 мектептің 8 сынып оқушылары, № 1, 17, 18, 20 (2), 23, 25, 27, 28, 35, 37 мектептің 9 сынып оқушылары, № 7, 9, 12, 11, 17, 19, 20, 25, 27, 35, 37 мектептің  10 сынып оқушылары үш тілде үздік эсселер жазды.

Екінші турдың қорытындысы бойынша № 11, 16, 26 (2), 37 мектептің 8 сынып оқушылары арасында, № 17, 18, 19, 20 (2), 27 мектептің  9 сынып оқушылары арасында, № 7, 9, 11, 17, 19, 25, 27, 35, 37, 41, Бекхожин атындағы мектептің 10 сынып оқушылары арасында үздік өлеңдер оқылды.

Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша 8 сынып оқушылары арасында І дәрежелі дипломға  Ынтықбаева   Дильназ (№ 19 ЖОМ), 9 сынып оқушылары арасында Рамазанова Рауза (№ 25 ЖОМ), 10 сынып оқушылары арасында Сапаргалиева Мадина (№ 37 ЖОМ) марапатталды. Оқушылар Абай шығармаларын үш тілде көрсете білді. Дильназ Абай шығармаларынан жақсы білім алып, Татьянаның Онегинге жазған хатын үш тілде оқыды. Татьянаның бейнесін түсіну, оның шынайы сезімдерін білдіру үшін Дильназ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімімен бірге «уақытты кері бұрды» және оның үйінде, отбасында болуға, сол уақыттың тұрмысы мен адамгершілігін көрсетуге және Пушкин мен Абай қалағандай Татьянаның бейнесін жеткізуге тырысты. «Абайдың философиялық толғаулары» атты эссесінде ол Абайдың қара сөздері: «Өз іс-әрекеттерін талдай отырып, өмір сүруге, «ақ» пен «қара» түстерді ажырата білуге, тік «көтерілістер» мен «құлаулардан» аулақ болуға, өтіріктерді ажырата білуге, ақылды сөздерді жүрегіңмен қабылдауға, шөліңді қандыратындай етіп қабылдауға үйрететінін жазды».

Мәдинаның «Абайдың философиялық толғаулары» атты эссесі Абай шығармаларының жоғары білім деңгейімен ерекшеленеді. Ол Абайдың философиясы ғылыми прогресс, ағарту және өзін-өзі тану идеяларымен ұштасады деп пайымдайды. Ол Абайдың Қара сөздері мен шығармаларынан үзінділер келтіре отырып, өз көзқарасын дәлелдейді.

Рауза Абайды білмеу ұят болар еді деп санайды. Бала кезінен оның отбасында Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас» әндері шырқалды. Жас кезінде ол өлеңдерді оқи бастады, Жидебайда болды және Абайдың кітапханасын, жеке заттарын көргенін мақтан тұтады. Ана тіліне деген сүйіспеншілік пен шет тілдеріне деген қызығушылық бала кезінен Абай шығармаларын оқудан басталды. Ол Абайдың 20-ға жуық өлеңін жатқа біледі.

Қаланың  № 11 (2), 18, 20, 25, 26, 28, 37 мектептерінің  8 оқушысы  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. № 1 (2), 6, 7, 9, 16, 17 (2), 19, 20 (2), 23, 26, 27 (2), 35 (2), 36, 37, 39, 41, Бекхожин атындағы мектептердің  22 оқушысы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.