ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көктемгі демалыс пайдалы
31-03-2021 15:08
Көктемгі демалыс пайдалы

2021 жылғы 21 - 31 наурыз аралығында көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыру мақсатында Павлодар қаласының білім беру мекемелері оқушылармен жұмыс жүргізді. Мектеп мұғалімдері пәндер бойынша қосымша сабақтар, түрлі конкурстарға, олимпиадаларға қатысу, кітап оқу, ҰБТ-ға, ОЖСБ-ға, шығармашылық жобаларға дайындық бойынша ұсыныстар, кеңестер берді. Мектептің instagram беттерінде оқушыларға білім беру ресурстары ұсынылды.

Қаланың барлық мектептерінде домбыра, робототехника, шахмат, хореография, спорт секциялары, эстрадалық орындау, вокалдық студиялар үйірмелерінің жұмысы жалғасуда. Оған 20 мыңнанастам бала қатысты.

Демалыс күндері іс-шараларқашықтықтан немесе штаттық режимде өткізілді. Наурыз мейрамын мерекелеу бойынша он күндік аясында 20 - 25 наурызаралығындамектептердеконкурстар, спорттықжарыстар, көрмелер, қаланың танымал адамдарымен кездесулер өтті. Осы іс-шараларға барлығы 40 мыңнан астам оқушы, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері қатысты.

ZOOM режимінде «Денсаулықтысақта!» атты конференция өткізілді, музыкалық және спорттық викториналар, «Мамандықтарәлемінде» әңгімелер, «Жоқ» деп айта біл!», «Көшбасшылық» ұйымдастырылды. Оқушылар қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық шығармашылық және зияткерлік бағыттағы конкурстарға қатысты. Балалар сынып жетекшілерімен бірге Аймауытов атындағы драма театрында «Наурыз думан» ертегісін, көркем мұражай көрмесін, көбелектер көрмесін тамашалады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы мектептермен бірлесіп қаланың 1054 олимпиадашыларымен 9 - 11 сынып оқушылары үшін «Алтын сын» олимпиадалық резерв мектептерінде және 6 - 7 сынып оқушылары үшін «Жас ғалым» пәндері бойынша жаттығу сабақтарын өткізді.

№ 20 мектеп-лицейінің оқушылары демалыста білім олқылықтарын толтыру бойынша қосымша сабақтарға қатысып, қызығушылықтары бойынша бос уақыттарын өткізді. 9 - 11 сынып оқушылары үшін «Географиялық қоғам», «Баспа ісінің негіздері», «Геометрия бойынша стандарты емес міндеттерді шешу", «Квант», «Химия бойынша жоғары деңгейдегі міндеттерді шешу», «Қазақстан құқығы» үйірмелерінің сабақтары ұйымдастырылды. Сынып жетекшісімен бірге 9 сынып оқушылары қызықты уақыт өткізіп, «Батыр молл» сауда-ойын-сауық орталығындағы «Festival cinema» кинотеатрында «Рая и последний дракон» анимациялық фильмін көрді.

№ 29 ЖОМ оқушылардың бос уақытын өткізу бойынша жұмыс танымдық және шығармашылық белсенділікті дамытуға, салауатты өмір салты дағдыларын дарытуға, ой-өрісін кеңейтуге бағытталды. Осы мақсатта «Ертіс», «Бұқар жырау» мұражайларына жорықтар, «Батыр молл», «Ш. Айманов» кинотеатрларына шығулар ұйымдастырылды, спорттықіс-шаралар өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары үшін онлайн режимінде «Каникулдағы таңғы ас», «Ақылды қаламдар» конкурстары, математикалық турнир, қауіпсіздік минуттары - «Көше және жаяу жүргіншілер», «Жолды қайда және қалай қауіпсіз өту керек», «Жол белгілері» мультфильмдерін қарау өтті. Орта буында «Бәйге», «Тарих әлемінде», «Ойнайық» зияткерлік ойындары өтті.

Қаланың қосымша білім беру ұйымдарыныңіс-шараларына 10000-нан астам бала қатысты. Балалар аула клубтарының жобаларына 3000-нан астам жасөспірім қамтылған.

Санитарлық нормалардың талаптарын сақтау, көктемгі демалыс кезінде құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында қалалық полиция басқармасымен бірлесіп ата-аналармен, оқушылармен түсіндіру профилактикалық жұмыстары жүргізілді.