ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыс мұғалімдерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісеміз
01-04-2021 09:51
Облыс мұғалімдерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісеміз

        Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 30 наурызында қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша математика мұғалімдерінің облыстық семинар-практикумын өткізді. Семинардың мақсаты - педагогтарға 9 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Қазақстанда негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларын игеру оқушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және 9-сынып оқушылары үшін қорытынды мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі. Биыл алғаш рет қорытынды аттестаттау жаңа форматта өткізілетін болады.

Семинар мақсатына қол жеткізу үшін 9-сыныпта «Алгебра» пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындалу үшін тапсырмалар жинағы таныстырылды, ол бағалау өлшем шарттары мен балл қою схемасы бар тапсырмалардың 28 нұсқасынан тұрады.

Қалалық шығармашылық топтың жетекшісі Р. М. Бураханова (№39 ЖОМ) презентация жасады. Шығармашылық топ мүшелері Л. Г. Кутнованың (№ 9 ЖОМ) мәтіндік есептерін, Е. А. Щипицинаның (№ 29 ЖОМ) арифметикалық және геометриялық прогрессияға есептерін, Ж. М. Рахимованың (№ 29 ЖОМ) теңсіздіктерді шешуін, Е. Н. Баранчуктің (№ 5 ЖОМ) сандар модулін ресімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

Семинар тыңдаушылары 9 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, осы семинардың материалдары облыс мектептеріне жіберілетін болады.