ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша балалар суреттері
09-04-2021 09:09
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша балалар суреттері

       Павлодар  қаласы  білім  беру  бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылғы 2 - 5 сәуірде «Адал және сатылмайтын адам бейнесі» атты қашықтықтан сурет салу конкурсын өткізді. Мақсаты - қазақстандық және азаматтық патриотизмді тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Қаланың 24 жалпы білім беретін мектептерінен 1 - 4 сыныптардың 151 оқушысы қатысты (№ 1, 2, 5, 7, 9, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 23, 25, 26, 28, 34, 35, 36, 37, 39, 40, 43, К. Бекхожин атындағы, Жетекші ЖОМ).

         Байқау қорытындысы бойынша 17 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды 2 оқушы, ІІ орынды - 2, ІІІ орынды - 13 оқушы иеленді.

      I орынды № 28 мектептің 2 сынып оқушысы Яна Зайковская қарындаштармен орындалған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және қарындаштармен орындалған «Біз адал еңбек үшін» суреті бойынша  № 39 мектептің 4 сынып оқушысы Руслан Ақанов  ие болды.

         - Адал өмір сүру керек екенін және сыбайлас жемқорлық   деген не екенін түсіндіру мақсатында біз осы байқауды өткізуді шештік. Дүниетанымның негіздері ерте жастан қалыптасады, сондықтан мектеп оқушылары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қалыптастырудың маңызы зор. Менің ойымша, қатысушылар сурет арқылы пара алу мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтындығын білдіре алды, - дейді орталық әдіскері Ирина Сергеевна Кучуркина.

         II орынды № 39 мектептің 4 сынып оқушысы Симкова Арина Жетекші мектебінің  4 сынып оқушысы Бобылев Максим иеленді. III орынды № 7 мектептің 4 сынып оқушысы Әбу Сафия, № 7 мектептің 1 сынып оқушысы Карагесекова Аяулым, № 39 мектептің 2 сынып оқушысы Стопнюк Данил, 1 сынып оқушысы Гулевский Максим, № 37 мектептің 4 сынып оқушысы Каменова Аружан, 3 сынып оқушысы Саланова Айсұлу, № 36 мектептің 4 сынып оқушысы Перегуда Вадим, № 19 мектептің 2 сынып оқушысы Сагинтаева Адина, № 17 мектептің   3 сынып оқушысы Жұмағали Акерке, № 17 мектептің 2 сынып оқушысы Абуов Тимур, № 28 мектептің 2 сынып оқушысы Ратушная Кира, № 13 мектептің 2 сынып оқушысы Муслимов Тыныш, № 9 мектептің 1 сынып оқушысы Русских Милана иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I,II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.