ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
12-04-2021 09:30
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

2021 жылғы 9 сәуірде «Оқу қызметі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты онлайн семинарға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

«Функционалдық сауаттылық: 21 ғасырдың жаһандық құзыреттілігі» тақырыбы бойынша семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қайрғазина Шолпан Шаханқызы сөз сөйледі, № 43 мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі Ақтасова Гүлмира Дәулетбекқызы «Мәтінмен жұмыс жасау барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс-дәстүрлер» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін «Синквейн», «Био поэма», «Үштік әдіа», «Дара диаграмма әдіа» атты белсенді жұмыс әдістерімен таныстырды.

Майса Аманжолқызы Темиралина «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында сабақта оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру жұмыстарының формалары мен әдістерін ұсынды. Оқудың бастапқы кезеңінде оқу әлемді танудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оқушылар мәтінді терең түсіну мақсатында «Инсерт», «Кластер құру», «Балетке билет» сынды сыни ойлау стратегияларын қолданды. Ол мәтінді жан-жақты талдау, балалардың мәтіннен қажетті ақпаратты табу дағдыларын дамыту, түрлендіру және түсіндіру бойынша жұмысына егжей-тегжейлі тоқталды. Диагностикалық бақылау материалы ұсынылған.

Мұғалім Хасенова Айнаш Мудерисовна «Негізгі құзыреттілік жүйесі арқылы математикалық сауаттылықты дамыту» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті, кестелер мен схемалар, есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерімен математика сабағының үзіндісі бар бейнеролик ұсынылды.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға заманауи білім беру технологияларын қолдану ықпал етеді. Маркина Елена Васильевна, педагог-зерттеуші «Әдебиет сабақтарында зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Әдебиеттік оқу сабақтарында мұғалім «Кейс» технологиясы арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытады, осы технологияны қолдану алгоритмін, оқушылардың білім нәтижелерінің диагностикасын көрсетті.

Брехт Лариса Федоровна, педагог-зерттеуші «Онлайн сабақтарда танымдық қызметті жандандыру үшін геймификация элементтерін пайдалану» тақырыбымен сөз сөйледі. «Лингва Лео», «География білгірлері», «Озат оқушы» ойын-тапсырма түрлері көрсетілген, сервистері геймификацияны пайдаланады, ағылшын тілін үйренуге арналған Lingua Leo сервисі, балаларды интерактивті оқытуға арналған портал УЧИ.RU, WORDWALL. 2020 жылы оның 4-сынып оқушысы Реснянский Елиса республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды.