ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Менің елім-менің тілім» қалалық турнирі
12-04-2021 09:43
«Менің елім-менің тілім» қалалық турнирі

«Менің елім - менің тілім» - «Моя страна - мой язык» қалалық турнирін 2021 жылдың 7 - 8 сәуірінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  алғаш рет өткізілді. Қаланың 24 жалпы білім беретін мектептерінен 2 - 4 сыныптың  өзге ұлт өкілдерінен 110 оқушы қатысты. Мақсаты - мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елдің тарихи және мәдени мұрасына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Бірінші тур іріктеу кезеңінен - тест тапсырмаларын орындаудан тұрды. Екінші турға 18 мектептен 57 оқушы өтті және «Дүкенде», «Кітапханада», «Наурыз мерекесі», «Мұражайда» - тұрмыстағы өмірлік жағдайлар тақырыптарында диалогтық сұхбатқа қатысты.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша 13 мектептен 25 оқушы мемлекеттік тілді және қазақ тілінде еркін диалог жүргізе алатындығын көрсетті (№ 6 , 9, 26 , 29, 34, 36, 38, 40, 41, 43, № 16 лицей-мектебі, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ), оның ішінде І орын - 6, ІІ орын - 8, ІІІ орын - 11 қатысушы.

2-сынып оқушылары арасында I орынды Данилевский Дима (№ 6 ЖОМ), Стешенко Алина (№ 41 ЖОМ), Недякина Арина (М. Әуезов атындағы мектеп), Тельников Аристарх (№ 43 ЖОМ), 3 сынып оқушылары арасында Шелбогашева Виктория (№ 34 ЖОМ), 4 сынып оқушылары арасында Карпунина Ильзира (№ 40 ЖОМ) иеленді.

- Жеңімпаздар тест сұрақтарына дұрыс жауап беріп, пән бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолдана алды. Олар сөйлемдерді сауатты құрастырып, сөздерді байланыстырып, мемлекеттік тілде сөйлей алатындарын көрсетті, - дейді орталық әдіскері Анар Ерболатқызы  Құмарова.

Турнирдің барлық қатысушылары электрондық сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталады.