ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Зияткерлік «Снейл-турнир» жеңімпаздары
12-04-2021 17:52
Зияткерлік «Снейл-турнир» жеңімпаздары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының Ресей Федерациясы Омбы қаласының «Снейл» қосымша білім беру орталығымен ынтымақтастығы шеңберінде 2021 жылғы 7 сәуірде қашықтық форматта зияткерлік «Снейл-турнир» өтті. Байқаудың мақсаты - бастауыш мектеп пәндері - математика, орыс тілі, қоршаған орта, ағылшын тілі, дене шынықтыру бойынша шығармашылық есептерді шешу, ақпаратты іздеу, талдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыру.

Байқауға қаланың 17 жалпы білім беретін мектептерінен 1 - 4 сыныптың 307 оқушысы қатысты, оның ішінде 22 оқушы мемлекеттік тілде оқиды. Байқау шарты бойынша ағылшын тілі топтамасында  грамматиканы білу, ребустарды болжау тапсырмалары енгізілді, дене шынықтыру топтамасында - әдемі қалып үшін тапсырмалар орындалды, орыс тілі топтамасында - дыбыстар саны әріптер санынан асатын сөздерді анықтау, математика топтамасында тапсырмалар логикалық ойлауға арналған, қоршаған әлем топтамасында ұсынылған тағам бойынша жануарды анықтау.

Байқау қорытындысы бойынша «Снейл-турнир» жеңімпазы № 9 гимназия-мектебі анықталды, оның құрамында 1-сыныптың 20 оқушысы Бейсен Әбілмансүр, Қаратай Жанболат, Умарова Алима, Серикова Жансая,  Фрикин Данил, 2-сынып оқушылары Абылай Азамат, Каир Айзере, Жұматай Әдел, Денчик Лилиана, Бекбай Әлішер, 3-сынып оқушылары Асланов Богдан, Левина Алина, Фулей Евгения, Правдивец Артем, Баклушева София, 4-сынып оқушылары Левкович Алена, Голубев Михаил, Байсмакова Даяна, Сапруджиди Камелия, Перепелица Данил.

Қатысушылардың электрондық куәліктері тапсырмаларды орындағаннан кейін бірден автоматты түрде қалыптастырылып, қатысушылардың электрондық поштасына жіберілді.