ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық қызметтің инновациялық әдістемелік құралдары
13-04-2021 09:14
Педагогикалық қызметтің инновациялық әдістемелік құралдары

«Мектеп-ЖОО» жылдық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 9 сәуірде Инновациялық Еуразия университетінде әдіскер, талдаушы, т.ғ.к., кафедра профессоры, Нұр-Сұлтан қаласының жүйелік талдау және модельдеу академиясының директоры, 30 оқу құралы мен монография, 20 өнертабыстың авторы Цой Валерий Ивановичтің қатысуымен «Педагогикалық қызметтің инновациялық әдіснамалық құралдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел диалогына университеттің профессор-педагогикалық құрамының өкілдері, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нұрахметова Шолпан Саменқызы, № 5, 6, 9, 14, 15, 22, 26, 34, 39, 40, 41, М. Әуезов атындағы мектептердің инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін директорларының орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің психологтары қатысты. Осы технология бойынша авторлар В. И. Цой мен Б. Д. Қайырбекованың «Оқушылардың инновациялық қабілеттерін өсірудің әдістері мен модельдері» атты кітабының тұсаукесері өткізілді, Ш. С. Нұрахметова, Бағжанат Дандырбекқызы Қайырбекова, университеттің кафедра меңгерушісі Жақсыбек Жастлекұлы Байғабылов, Яна Александровна Мисюль, Жұлдыз Жұмағұлқызы Қалиақперова, № 5, 34, 41 мектеп директорларының орынбасарлары, № 26 мектеп әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Зарина Сарсентайқызы Қасымова топтардың инклюзивті білім беру бойынша жобалардың қорғауын жүргізді. Дөңгелек үстел материалдары, инклюзивті білім беру бойынша бірлескен пилоттық жобасын іске асыруда пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілетін болады.