ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас зияткерлер 77 жүлделі орынға ие болды
14-04-2021 09:31
Жас зияткерлер 77 жүлделі орынға ие болды

Талантты және дарынды балаларды анықтау, оқырман мәдениетінің деңгейін, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын арттыру мақсатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылғы 12 сәуірде № 1, 2, 7 мектептерде  функционалдық сауаттылық бойынша «Білімпаз» қалалық зияткерлік конкурсы өтті. Жалпы білім беретін мектептердің 2 - 4 сыныптарынан 160 оқушы, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын 77 бала қатысты.

Байқау 2-турда үш бағыт бойынша өтті: «Оқу сауаттылығы», «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық», «Математикалық сауаттылық». Тест тапсырмалары жауаптардың 2 түрінен тұрды: еркін құрастырылатын (жазбаша, толық, негізделген жауап), жабық құрастырылатын (баяндау оқиғаларының реттілікпен орналасуы, қажетті цифрларды немесе сөздерді белгілеу).

Байқау қорытындысы бойынша 77 жүлделі орын анықталды, оның ішінде I орынды - 6 оқушы, II орынды - 24 оқушы, III орынды - 47 оқушы алды. Олар Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Қазақ тілінде оқитын 2-сынып оқушылары арасында І орынды Әмірханова Амира (№ 25 ЖОМ), орыс тілінде оқитын Султанова Самира (№ 39 гимназия-мектебі) иеленді. Самира мәтінді түсіну және түсіндіру, тұжырымдар мен жеке гипотезаларды дәлелдеу арқылы жағдайды сыни бағалау дағдыларын көрсете алды.

І орынды қазақ тілінде оқитын 3-сынып оқушылары арасында Қуаныш Дана (№ 24 ЖОМ), орыс тілінде оқитын Тумгоев Адам (№ 34 ЖОМ) иеленді. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты көрсете отырып, Қуаныш Дана облыс білімін «Дүниетану», «Жаратылыстану» ретінде пайдаланды. Жағдаяттарда шешім қабылдай алды, алынған нәтижелерді математикалық сауаттылықта қойылған мәселелерді ескере отырып түсіндірді.

І орынды қазақ тілінде оқитын 4 сынып оқушылары арасында Жарасова Алтынай (№ 35 ЖОМ), орыс тілінде оқитын Денчик Аделина (№ 9 гимназия-мектебі) иеленді. Алтынайдың оқырман сауаттылығында қазылар алқасы оның коммуникативтік дағдыларын - түсіну және түсіндіру, мазмұнды ақпарат құрып  пайдалана алуын бағалады.

2 сынып оқушылары арасында II орынды № 2, 9, 29, 30, 33, 36, М. Әуезов атындағы (2), Кенжекөл оқушылары,III орынды- № 1, 5, 11, 14 (2), 17, 21 (2), 24, 27, 34, 35, 38, Б. Момышұлы атындағы, Жетекші, Кенжекөл мектептерінің  қатысушылары алды.

3 сынып оқушылары арасында II орынды № 5, 9, 17, 25, 39, Кенжекөл ЖОМ, III орынды - № 1, 2, 6, 11, 14, 18, 21, 23, 26, 28 (2), 30, 31, 35, 36, 43, М. Әуезов атындағы, Жетекші мектептерінің  оқушылары иеленді.

4 сынып оқушылары арасында II орынды № 1, 13, 25, 33, 36, 39, 43, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы ЖОМ оқушылары, III орынды № 6, 7, 17, 19, 21, 23, 24, 26, 29, 33, 34, 41, Қ. Бекхожин атындағы мектеп қатысушылары алды.

Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды. Конкурс қатысушылардың одан әрі дамуына және  өздігінен білім алуға  ынталандырады.