ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Нәтижені қамтамасыз ететін менеджмент құралдары
14-04-2021 10:54
Нәтижені қамтамасыз ететін менеджмент құралдары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 23 мектеп директоры қатысқан жас директор мектебі аясында жас мектеп басшыларын әдістемелік сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырды.

М. Әлімбаев атындағы мектепте «Мектептің жұмыс оқу жоспары МЖМБС жүзеге асыру сапасын арттырудың маңызды құралы ретіндегі» мәселесі бойынша стратегиялық сессия форматындағы кезекті отырыс өтті.

Сабақ мектеп бойынша экскурсиядан басталды. М . Әлімбаев атындағы мектептің директоры Дастан Бекболатұлы әріптестеріне заманауи цифрлық зертханаларды, мамандандырылған кабинеттерді, спортзал мен мектеп мұражайын көрсетті, басқарудың жеделдігін қамтамасыз ететін интерактивті ресурстарды таныстырды, даму бағдарламасы шеңберінде мектептің миссиясын іске асырудың негізгі бағыттарын ұсынды.

Стратегиялық сессия барысында жас басшыларға мектептің тиімді жұмыс жоспарын әзірлеудің негізгі стратегиялық тәсілдері, әр түрлі оқу жоспарлары шеңберінде, оның ішінде гимназия мен лицейдің оқу жүктемесі мен сыныптарын қысқарта отырып, сараланған және жеке тәсілдерді іске асыру мүмкіндіктері таныстырылды.

Семинардың практикалық бөлімінде жұмыс топтары шеңберінде мектеп директорлары мектептің жұмыс оқу жоспарының гимназиялық компонентін бөлудің тиімділігі мен жүйелілігі, оқытудың барлық сатыларында таңдау бойынша курстардың өзара байланысын сақтау, оқытудың жоғары сатысында бейіндеу тұрғысынан стандартты және тереңдетілген деңгейде таңдау бойынша инвариант сағаттары мен пәндерді бөлу тұрғысынан мектептердің жұмыс жоспарларын талдады.

Семинардың қорытынды бөлімінде «сұрақ-жауап» форматында жас директорлар басқару қызметіндегі проблемаларын айтып, қойылған сұрақтарына жауаптар алды. Мектептің келесі отырысы басшылардың қаржылық қызметін ұйымдастыру мәселелеріне арналады.