ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың метапәндік әмбебап оқу іс-әрекеттері
15-04-2021 12:57
Оқушылардың метапәндік әмбебап оқу іс-әрекеттері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен 2021 жылдың 13 сәуірінде онлайн режимде ZOOM платформасында «PISA форматындағы тапсырмалар: оқушылардың метапәндік әмбебап оқу әрекеттері. 9, 11-сыныптардағы қорытынды аттестаттау» атты семинар-коучингі өткізілді. Физика, химия, биология, география пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын 60-тан астам педагог қатысты.

Семинарда білім беру бөлімінің әдіскері Сабитова Назира Сайделенқызы PIRLS, PISA, TIMSS зерттеулерінде, халықаралық рейтингтерде сапаны бағалау мәселелеріне назар аударды. Өткен жылғы зерттеулерде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша сапаны бағалау мониторингін ұсынды.

Коучингтің практикалық бөлімінде № 21 ЖОМ география пәнінің мұғалімі, педагогикалық шеберлік орталығының тренері Есмакаева Гүлмира Болатқызы пән бойынша сапаны бағалау жөнінде өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. PISA тапсырмалары қарастырылды, онда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің интеграциясы ұсынылды. Чайковская Елена Леонидовна, № 16 лицей-мектебінің биология мұғалімі, педагог-шебер PISA зерттеулерінің тұжырымдамалары мен тәсілдеріне тоқталды. Ол жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа, сипаттау, түсіндіру дағдыларына, жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды болжауға, ғылыми зерттеулерді түсінуге, ғылыми дәлелдемелерге баса назар аударды. Критерийлер мен жауаптары бар жаңа форматтағы тапсырмалар ұсынылды. Кенжекөл ЖОМ физика пәні бойынша жас педагогі Әсел Қайыржанқызы Текенова PISA функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмаларды құру және пайдалану мәселелері бойынша бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау алгоритмі туралы ұсыныстар берілді. Коучинг материалдары мектептерге жіберіледі.